Солтүстік Қазақстан газеті

"Тағылым"

Пайдасы мол клубтар

Печать PDF

Балалардың бос уақытын тиiмдi ұйымдастырудың бiрден-бiр тәсілі – аулалық клубтар. Олар, әсіресе, жазғы демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің бас қосатын, шығармашылық идеяларын жүзеге асыратын және бос уақыттарын тиімді өткізетін негізгі орынға айналып келеді.

argaiv1934

Ұрпақ сабақтастығы

Печать PDF

Өмірлік наныңды тауып жейтін, жүрегіңнің қалауындағы мамандықты жаңылмай табу – зор бақыт. Кез келген адам болашақ мамандығын таңдаған кезде өзіне үлгі-өнеге болған жанға ұқсағысы келетіні жасырын емес. Әсіресе, мектептегі мұғалімдеріне еліктемеген оқушы жоқ шығар. Менің де ұстаздық мамандықты таңдауыма математика пәнінің мұғалімі Ұлболсын Жахина себепкер болды. Оқушы кезімнен ұстазымның жүріс-тұрысы, биязы мінезі, сабақ бергенде еш уақытта дауыс көтермейтін сабырлылығына таңғалатынмын әрі қызығатынмын.

ТҮЛКІ ОЙЫНЫ

Печать PDF

Түннің біруағына дейін компьютердің алдында отырған Ермек мектепке тағы ұйықтап қалды. Жанталаса киініп, сөмкесін ашса, құрал-жабдықтары да түгел емес. Қазақ әдебиетін жастығының астынан, тарихты компьютердің артынан әзер тапқан ол біраз уақытын өткізіп алды. Сабақтың басталуына жарты-ақ сағат қалыпты. Оразасын ашпастан мектептегі сабаққа әрең жетті.

ЖАҢАРУ — ЖАҢА МІНДЕТТЕР

Печать PDF

Қазақстанның білім беру саласында үлкен реформалар жүріп жатыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауында ең алдымен білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиістігін атап көрсетті. 2017-2018 оқу жылының басты ерекшелігі – орта білім беру бағдарламасының жаңаруы болмақ. Алдымен 5 және 7-сыныптарда “Қазақстан тарихы”, “Дүниежүзі тарихы” пәндерінің бағдарламалары жаңартылады. Ұстаздар осыған дайын болуы тиіс.

ҚАШЫҚТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ОҚУШЫҒА НЕ БЕРЕДІ?

Печать PDF

Қазіргі таңда баласының болашағын ойлаған ата-аналарды көзінің ағы мен қарасындай бүлдіршінінің өзгеден кем болмай, жан-жақты білімді, өнерлі, дені сау болып қалыптасуы толғандыратыны анық. Сондықтан да олар баласының әр қадамын бақылап, оған дұрыс бағыт-бағдар беріп, балғынды қызығушылығы бойынша үйірмелерге жаздырып, барлық жағдайын жасауға тырысады. Осындай ата-аналардың бастары қосыла қалса, айтатын әңгімелері де сол баланың, мектептің, ұстаздардың төңірегінде өрбитіні сөзсіз. Көптің көңілінен шығу оңай емес, әрине. Көпшілігі мектеп пен мұғалімдерді, жалпы білім беру жүйесін мақтап жатса, араларында кері көзқарастағылары да кездесетіні жасырын емес. “Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі”, – деп Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, олардың әңгімелеріне біздің де құлағымыз түрік жүреді.

Страница 2 из 104