Солтүстік Қазақстан газеті

"Тағылым"

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ — ӨМІР ӨЗЕГІ

Печать PDF

Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық ғұмырында білім саласы да айтарлықтай ілгері дамыды. Оған, алысқа бармай-ақ, өзіміздің күнделікті өмірімізден мысал келтірсек болады. Біздің Жамбыл ауданының орталығы Пресновка ауылындағы қазақ балалары тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Шухов орта мектебінде оқыды. 1999 жылы белсенді ата-аналардың араласуымен бұрынғы “Айнагүл” балабақшасының ғимаратында жетіжылдық мектеп ашылды.

argaiv1797

Дарындылықты анықтау

Печать PDF

Білім мен ғылымды дамытып, еліміздің абыройын асқақтатып, дүниеге танытатын – жеке тұлғалар. Олар біз тәрбиелеп жатқан дарынды балалардан шығады. Сабақты үздік оқитын баланың бәрі дарынды емес. Дарынды баланың ақыл-ойы, дербестігі, шығармашылық іс-әрекеті жоғары болады. Ол болып жатқан іске қанағаттанбайды, өздігінен ізденіп, жаңа іс-әрекеттер жасайды. Мұндай баланы дер кезінде танып, бағыт-бағдар беру, көмек көрсету – әр ұстаздың міндеті. Дарындылық негізі – ізденіс пен белсенділік.

БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС ЖЕМІСІ

Печать PDF

 

Жас мамандардың ұстаздық өмірге бейімделіп, жоғары оқу орнында алған теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруы ерекше шеберлікті қажет ететін күрделі үдеріс. Тәжірибені жас мамандар еңбек ете жүріп жинақтайды. Олардың ұстаз ретінде қалыптасуын жеделдету мақсатында Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл №2 орта мектебінде тәлімгерлік жақсы жолға қойылған.

БАҚЫЛАМАСА, БАЛА КЕТЕДІ

Печать PDF

Немересінің бірін балабақшаға, екіншісін мектепке, одан қала берді түрлі үйірмелер мен секцияларға апарып жүретін көршім: “Осыларды аяймын. Кішісін қойшы, күні бойы балабақшада, анау үлкеніне қиын. Бір бала болып ойнамайды да, ылғи салы суға кетіп, шаршап жүреді”, – деді кейістік білдіріп. Бұл жалғыз менің көршімнің немересінің басындағы жағдай емес. Шынымен де баланы титықтатып күн сайын таң атқаннан кешке дейін үйірмелерге салбаңдатып қою дұрыс па? Ол баланың жүйкесіне қалай әсер етеді? Бұл үйірмелерді қалай таңдауға болады? Осы жөнінде мамандардың пікірін білдік.

ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ

Печать PDF

 

Мамандық пен жар таңдау әр адамның өміріндегі ең жауапты кезең. Өйткені, осы екеуі де болашақта өмірлік серігіңе айналады. Бұл тұрғыда орта мектепті бітіре сала өзінің сүйікті ісімен айналысқан Айнагүл Есқалиеваның жолы болған. Тәуелсіздіктің қиын кезеңінде туған ауылындағы Ақтас негізгі мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі бола жүріп, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын сырттай бітірген. Содан бері жүрек қалауымен таңдаған мамандығын жете меңгеріп, өз ісінің майталманы болып алды.

Страница 8 из 104