Солтүстік Қазақстан газеті

Спорт

«АЙДАР РИО-дан ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛАТЫН ЕДІ», – жолдама алып тұрып Олимпиадаға қатыса алмағаны әлі күнге дейін өзегімді өртейді, дейді ауыр атлетикадан облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Ерік Әлібаев

Печать PDF

 

argaiv1900

Катардың Доха қаласынан қуанышты хабар жыл құсындай сағынтып жетті. Онда өткен Азия кубогында азуын айға білеген кіл мықты зілтеміршілер арасында күш сынасқан жерлесіміз Айдар Қазов топ жарып, алтын медальды қанжығасына байлады. Ел намысын абыроймен қорғаған оғланымызға облыс әкімі Ерік Сұлтанов жеделхат жолдап, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойындағы барша қазақстандықтардың тамаша жеңісімен құттықтады.

ЖЕКПЕ-ЖЕК КҮНІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Печать PDF

WBA белбеуінің “уақытша” чемпионы, жерлесіміз Жанат Жақиянов 10 ақпан күні АҚШ-та WBA (Super) және IBO белбеулері үшін кездесу өткізеді. Бұл жолы ол 29 жастағы америкалық Раусхи Уорренмен жұдырықтасады. Жанаттың қарсыласы бұған дейін 15 жекпе-жек өткізіп, 14-ін жеңіспен аяқтаған. Ал қазақстандық боксшы осымен 28-ші рет шаршы алаңға шыққалы отыр. Жерлесіміз бүгінге дейін 26 мәрте қарсыласынан басым түссе, біреуінде ғана есе жіберген.

СПОРТ ПЕН ДЕНСАУЛЫҚ — ЕГІЗ

Печать PDF

Бүгінде өңір тұрғындарының үштен біріне жуығы бұқаралық спорт түрлерімен айналысады. Жетістікке жету тәжірибелерімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин ой бөліседі.

Құттықтау жеделхаты

Печать PDF

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Катардың Доха қаласында өткен Азия кубогында сәтті өнер көрсеткен ауыратлетші жерлесіміз Айдар Қазовқа құттықтау жеделхатын жолдады.

ҮЗДІКТЕРДІҢ САЙЫСЫ

Печать PDF

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Петропавлда жастар арасында спорттық акробатикадан және акробаттық жолақ пен батутта секіруден республика біріншілігі өтті. Сайысқа еліміздің Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, Батыс, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының 140 үздік акробаты қатысты, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.

ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ САРАЛАНҒАН КЕЗДЕСУ

Печать PDF

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Шара барысында соңғы 12 айда атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы мақсат-міндеттері талқыланды.

Басқарма басшысы Руслан Есеналин, ең алдымен, облысымыздағы спортты дамыту бағытында атқарылған істерге, негізінен, қол жеткізген жетістіктерге кеңінен тоқталды.

Страница 10 из 186