Солтүстік Қазақстан газеті

Спорт

Құлагердің Отанындағы аламан

Печать PDF
Айыртау ауданында ат спорты маусымының ашылуына орай аламан бәйге мен көкпар сайысы өтті. Бәйге десе делебеміз қозып, тыпыршып отыра алмау қанымызда бар қасиет қой. Сондықтан мереке күндерін пайдаланып, тұлпар тұяғының дүбірі естілген жаққа қарай жолға шықтық. Адамзат баласы алғаш жылқыны ауыздықтап мінген тарихи аймақ облыс аудандары арасынан бірінші болып ұлттық спорт ойынын бастап кетті. 

Алтынбектің екінші алтын белбеуі

Печать PDF

Қазақ күресі – халқымыздың рухын асқақтатып, намысын қайрайтын бекзат өнер. Бір қуанарлығы – ұлттық спорт түрінің жыл сайын ел деңгейінде өткізілуіне мемлекет тарапынан қолдау ерекше. Отан қорғаушы күні Петропавлдағы Мағжан Жұмабаев көшесі бойындағы алаңда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен “Қазақстан барысы” республикалық турниріне облыстық іріктеу жарысы өтті. Жеті жыл бойы үздіксіз өткізіліп келе жатқан сайысқа аудандар мен Петропавл қаласында іріктеу кезеңдерінен өткен 26 балуан қатысып, өзара күш сынасты. Балуандар бәйгесінің бас жүлдесі алтынмен апталған белбеу ортаға алдырылып, қатысушылар таныстырылды. Оларға облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров сәттілік тіледі.

argaiv1977

“ҚУАНЫШ” — ЕЛ ЧЕМПИОНЫ!

Печать PDF

Волейболдан жоғары лига командалары арасындағы ел біріншілігінде солтүстікқазақстандық “Қуаныш” командасы чемпион атанды. Жерлестеріміз келер жылы Ұлттық лига командаларымен күш сынасады.

Кубок — қалалықтар еншісінде

Печать PDF

Өткен жылдың желтоқсан айында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай әуесқой командалар арасында шайбалы хоккейден облыс кубогы жолындағы жарыс басталған болатын.

“Ордабасыға” тіс батпады

Печать PDF

19 сәуірде футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалына өткен командалар жасыл алаңда кездесті.

ЖАС ТАЛҒАМАЙТЫН ЖАРЫС

Печать PDF

Петропавлда спорт ардагерлері арасында үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға еліміздің бірнеше өңірінен командалар жиналды. Жарыстың ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин спорт пен саламатты өмір салтын серік еткен аға буын өкілдері жастарға үлгі екенін тілге тиек етті.

Страница 7 из 186