Солтүстік Қазақстан газеті

Спорт

БАЛУАНДАР ҰСТАЗ АЛДЫНДА бас иіп, тағзым етті

Печать PDF

Жақында Есіл ауданының Николаевка ауылында есімі елімізге әйгілі ұстаз, Ленин орденінің иегері, КСРО оқу ісінің үздігі Асқар Игібаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен облыстық білім басқармасының ІV ашық кубогы өтіп, өңіріміздің дарынды жас балуандары бақ пен баптарын сынады. 

argaiv1208

Мерейлі жиында Асқар Игібайұлының әріптестері, шәкірттері, жары Қалима Мәкенқызы мен ұстаздың ұлдары Марат пен Мұхтар болды.
Шара барысында сөз сөйлеген облыстық күрес федерациясының басшысы Бауыржан Құлжанов боз кілем үстінде шеберліктерін сынауға ниет білдіріп келген өңіріміздің спорт мектептерінің грек-рим күресінің балуандарына сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша бас жүлде Есіл ауданының балуандарына бұйырды. Ал екінші және үшінші орындарды Николаевка ауылының балуандары мен Қызылжар ауданының құрамасы өзара бөлісті. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
(Өз тілшімізден).

Страница 186 из 186