Солтүстік Қазақстан газеті

Құқық

Бірлескен жұмыс тиімді

Печать PDF

2015 жылы облыс орталығында 1052 неке бұзылса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 2034-ке жеткен, ал үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында ажырасу бойынша 407 іс қаралған. Шаңырағы шайқалған отбасылардың жайына алаңдаған Петропавл қалалық прокуратурасында жалпы юрисдикциядағы азаматтық істерге талдау жасалды.

argaiv1087

Қоғамдық кеселмен күрес нәтижелі

Печать PDF

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы – әдеп кеңесінің төрағасы Ғалым Тұрсынбаев мекеменің алғашқы жартыжылдықта атқарған жұмыстарын қорытындылады.

Жаза иесін табады

Печать PDF

Арақ жақсылыққа апармайды. Осыны ескермеген Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны үстіміздегі жылдың көктемінде мас күйде көлік басқарып, тәртіп сақшыларының қолына түскен еді.

ШҰЖЫҚ ОРНЫНА ТЕМІР ШАЙНАЙ ЖАЗДАДЫМ

Печать PDF

Алдымда жатқан жартылай қақталған шұжықтың арасынан алюми́ний бөлшек салбырайды. “Темірді көрмей, шұжықты аузыма салып жібергенде тісім сынар немесе ішіме кетіп, ағзам жарақаттанар еді”, – деген ойымнан шошимын. “Бүгін мені Құдай қақты, ертеңгі күні осындай жайт басқа біреудің өмірінен орын алса ше?” – деп қапаланып, бұл істі аяқсыз қалдыруға болмайды деген ойға келдім.

КЕДЕРГІЛЕР АЗАЮЫ КЕРЕК

Печать PDF

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауында бес басымдықты атап өткен болатын. Олардың әрқайсысында “Қазақстан – 2050” Стратегиясының мақсатына негізделген, ел дамуының нақты жолдары көрсетілген. Ал мемлекетіміздің жан-жақты дамуында кәсіпкерлік саласының маңызы айрықша. “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жолдауда көрсетілген барлық міндеттерді орындауға күш жұмылдыруда. Солардың бірі – сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, жою.

ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК БАСШЫНЫҢ МЕНШІГІ ЕМЕС

Печать PDF

Облыстық әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында сегіз мәселе қаралды.

Жиында сөз алған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басқарма басшысы Дулат Тайшабай өңірдегі мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссиялардың алғашқы жартыжылдықта атқарған жұмысын қорытындылады. Аталған мерзімде 23 тәртіптік іс қаралып, оның төртеуі негізсіз болғандықтан, тоқтатылыпты. Ал қалған он үшінде мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірілсе, алтауында қызметтік әдеп бұзылған.

Страница 9 из 242