Солтүстік Қазақстан газеті

Құқық

Алаяқтың құрбаны болды

Печать PDF

Тәртіп сақшылары екі күндік “Hi-tech” жедел-алдын алу шарасы барысында интернет алаяқтарын ұстады. Шара аясында жоғары технология саласындағы қылмыстарды ашу мен алдын алу мақсатында 15 рейдтік тексеру жүргізілді.

argaiv1682

Алаяқтың арбауына түскен азаматтардың біріне “В Контакте” әлеуметтік желісінде құрбысының атынан несиесін өтеуге көмек сұраған хабарлама келген. Құрбысына қол ұшын бермек болған азамат көрсетілген киви әмиянға 100 мың теңге аударған. Іздестіру шараларының нәтижесінде Ақтөбе қаласының жұмыссыз, бұрын сотталмаған азаматы ұсталды.

Интернет сайттардың біріне пәтерін сату жөнінде хабарландыру берген аудан орталығының тұрғыны да алаяқтың құрбаны болды. Оған “сатып алушы” хабарласып, есепшотына алдын ала төлем жіберуге дайын екенін айтқан. Осылайша, есепшотты біліп алған күдікті интернет-банкинг арқылы құпия сөзді өзгертіп, ондағы 40 мың теңге ақшаны жымқырған. Іздестіру шаралары нәтижесінде аудан орталығының 1989 жылы туған тұрғыны ұсталып, қылмысын мойындады.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы.

Алименттен қашқан әкелер

Печать PDF

Өңірімізде алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды және борышкерлерді іздестіру бойынша акция жүргізілуде. Шара барысында тәртіп сақшылары жүзден астам іс бойынша сот шешімдерімен танысып, алимент төлеушілердің тұрғылықты мекенжайларын аралауда. Облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасы бастығының міндетін атқарушы Талғат Әбіловтің айтуынша, борышкерлердің арасында қаржы мекемелері мен туысқандарынан байланыс үзгендер де бар екен.

АЙЫППҰЛ АЗАЙЫП, ТАЛАП ҚАТАЙДЫ

Печать PDF

Үстіміздегі жылдың 3 шілдесінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жол қозғалысы саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңға қол қойды.

ПАРАҚОРДЫҢ АЛДЫ — ЖАР

Печать PDF

Өңірімізде бір лауазымды тұлға өзіне “сыйлық” жасағысы келген азаматтың қылығы жайлы құқық қорғау органдарына хабарлап, атқарып отырған қызметіне адалдық танытты. Ал мәселесін шешудің жеңіл жолын іздеген “қолы ашық” азамат 400 мың теңге көлемінде айыппұл төлеген.

Қазынаны толтырды

Печать PDF

Көліктеріне ерекше, әдемі нөмір белгілерін алғысы келетін қалталы азаматтар облыс қазынасын 12,5 миллион теңгеге толтырды.

Шынайы ақпаратқа — қомақты сыйақы

Печать PDF

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу шаралары бекітілді.

Страница 8 из 242