Солтүстік Қазақстан газеті

Құқық

АДАЛДЫҢ ЖОЛЫ АШЫҚ

Печать PDF

Әрбір саналы адам жайлы өмір сүруге ұмтылады. Біреулер адал еңбегімен, маңдай терімен мал табуға тырысса, ал кейбіреулер жеңіл жолды таңдап, жанын қинамай үлде мен бүлдеге оранғысы келеді. Алайда, адалдықтан аттағандардың қандай жағдайға тап болатынын білеміз. Өміріңнің ойраны шыққан кезде істеген ісіңе өкінгеннен еш пайда жоқ.

argaiv1934

АШЫҚТЫҚ СЕНІМ ҰЯЛАТАДЫ

Печать PDF

Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты төрайымының міндетін атқарушы Айгүл Ақпанова жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, мекеменің алғашқы жартыжылдықта атқарған жұмыстары жайлы айтып берді.

ЛАҢКЕСТІКПЕН КҮРЕС — ОРТАҚ МІНДЕТ

Печать PDF

Соңғы кезде әлемнің көптеген ел­дері үшін терроризммен, экстремизммен күрес мә­селесі аса өзекті болып отыр. Бұл кесел дамыған мемлекеттерде де, кедей елдерде де орын алуда. Лаңкестік пен экстремизмнің өріс алуы елдің әлеуметтік жағдайымен де, дінмен де үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Ол – өне бойы жауыздыққа толы індет. Бірде-бір мемлекет бұл жұқпалы вирустан аман қалған жоқ. Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады деп баса айтты. Себебі, лаңкестікпен күрес – тұрақтылығымыздың кепілі.

ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚТАН ҚҰТЫЛУДАМЫЗ

Печать PDF

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіргізу жөніндегі тапсырмасы орындалып, бүгін жаңа асуға көз тігіп отырған жайымыз бар. Бұл межеге қажырлы еңбектің арқасында қол жеткіздік. Ендігі қойылып отырған талап – 2050 жылға қарай дамыған 30 мемлекеттің қатарында болу. Осы міндетті орындауда еліміздің әділет органдары да тиісті жұмыстарды жүзеге асыруда.

Мақсатсыз жұмсалған

Печать PDF

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің облыстық департаментіне жүктелетін міндеттердің бірі – табиғи монополия субъектілерінің жұмысын қадағалау болып табылады. Осыған сәйкес, департамент мамандары 2016 жылға реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаларының орындалуы бойынша 39 талдау жүргізді.

Бейнекамераны байқамаған

Печать PDF

Үстіміздегі жылдың басынан бері бейнебақылау құрылғысының көмегімен 88 қылмыстың беті ашылды. Сондай-ақ, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлері жолда жүру, абаттандыру ережелерін бұзуға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты 9896 фактіні анықтады.

Страница 7 из 242