Солтүстік Қазақстан газеті

Құқық

ЖАСӨСПІРІМ ІЗДЕСТІРІЛУДЕ

Печать PDF

Облыс полицейлері алты күннен бері 16 жасар баланы іздестіруде. Мамлют ауданының Бостандық ауылының тұрғыны Изатилла Абдурасулов 31 шілде күні сағат 11-лер шамасында үйінен шығып кеткен. Содан қайтып оралмаған жасөспірімнің жоғалғандығы жайлы Мамлют аудандық ішкі істер бөліміне арыз түсісімен тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарын бастап кетті.

argaiv1087

Талап күшейді

Печать PDF

Өңірімізде жүргізуші куәлігін беру тәртібі қатайтылды. Енді тұрғындар емтиханды тек мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында тапсырады. Ал облыс орталығынан 150 километр қашықтықта орналасқан бес ауданда сынақ тапсыруға тыйым салынды.

Бұзақылықтың ұсағы жоқ

Печать PDF

Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп орнатудан, жайлы баспанадан, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Олай болса, біз, тіпті, ұсақ құқық бұзушылыққа да төзбеуіміз керек. Өйткені, оның өзі қоғам тыныштығын бұзады және одан да ауыр қылмыстарға жол ашады.

КҮДІКТІЛЕР ҚАМАУДА

Печать PDF

Петропавлда ішімдікке масайып, көңіл көтерген жастар арасындағы дау ушығып, ақыры қару қолданумен аяқталған екі оқиға орын алды. Соның салдарынан оқ тиіп, жапа шеккен Ербол Хамитов қазір ауруханада ауыр халде жатыр. 19 жастағы Ерболдың өмірін құтқарып қалу үшін науқастың бір аяғын тізеден жоғары кесуге тура келген.

Шетел азаматы Қазақстаннан зейнетақы алып келген

Печать PDF

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы жартыжылдық жұмыс қорытындыларын шығарып, бірқатар кемшіліктерді анықтады. Мәселен, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланбайтындар әлі көп. Бүгіндері 11 мың гектар аумақты арамшөп басып кеткен. Бұл мақсат үшін алынған демеуқаржының қайда жұмсалғаны белгісіз.

Сапасыз өнім жойылды

Печать PDF

Облыс орталығында контрафактілі тауарлар жойылды. Лицензиясы жоқ 10 мыңнан астам бөтелке ішіне құйылған алкогольден босатылып, қалбырлары бөлек жиналды.

Страница 5 из 242