Солтүстік Қазақстан газеті

Әлеумет

ҚЫЗ — ЕЛДІҢ КӨРКІ

Печать PDF

М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде тәрбиелік мәнісі зор кездесу ұйымдастырылды.

argaiv1934

Ізгі жүректі жандар

Печать PDF

Облыс орталығында кең ауқымды қайырымдылық кеші өтті. Ізгіліктің нақты көрінісі болып табылатын жақсы дәстүрдің басты мақсаты – денсаулығы сыр берген балаларды қолдау және оларға барынша көмек көрсету. Бұл күні қатал тағдырдың сынына қарсы тұра білген жігерлі жандарды қолдауға жиналған азаматтардың қарасы қалың болды. Арнайы концерттік бағдарлама аясында жүргізілген кеш барысында әсем әннен шашу шашылып, қатаң түрде өткен кастингтен іріктелініп алынған жарасымды 30 жұп вальс билеп, түрлі аукциондар өткізілді. Кәсіпқой боксшы Жанат Жақияновтың қолғабы ең қымбат лот болып саналып, ол 600 мың теңгеге сатылды. Жанат Жақиянов аукцион жеңімпазына қолғабын өзі табыс етті.

ӨМІРІ ҰРПАҚҚА ҮЛГІ

Печать PDF

Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылында Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толуына орай соғыс ардагері, милиция полковнигі Қойшыбек Қаженовті еске алуға арналған іс-шара өтті. Оған облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләлов, аудан әкімі Медет Оспанов қатысты.  

КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

Печать PDF

Облыстық апаттық медициналық орталығы су тасқыны кезінде тұрғындарға көмек көрсетті. Орталықтың жедел әрекет ету тобы халықты медициналық қамтамасыз ету мақсатында Қызылжар ауданының Долматово ауылында болды. Екі фельдшер мен жүргізуші-санитар Долматово ауылының орта мектебінде орналасқан эвакопунктіне 5 адамды эвакуациялады. Өздігінен жүре алмайтын екі адам зембілмен жеткізілді. Бірнеше адамға медициналық көмек көрсетілді. Орталықтың қызметкерлері Петропавл қаласының Былғары зауытында, Қызылжар ауданының Тепличное кентінде де кезекшілік атқарды.

“МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ — 2017”

Печать PDF

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен бекітілген “Мерейлі отбасы – 2017” байқауының қалалық кезеңі өтті. Оған бес отбасы қатысты.

ЖАСА, ЕҢБЕК АДАМЫ!

Печать PDF

Қазіргі кезде қоғамда қарапайым еңбек адамдарына деген құрмет артып келеді. Соған сәйкес болашақтарын жұмысшы мамандықтарымен байланыстыруды қалайтын жастардың саны да еселей түсуде. Қарапайым еңбекпен қанаттанып, кәсібінен нәсіп тауып отырған адамдар да аз емес. Олардың біразы бұрнағы күні Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткен “Жаса, еңбек адамы!” атты “дөңгелек үстел” басына жиналды.

Страница 10 из 204