Солтүстік Қазақстан газеті

Әлеумет

Өзгеше сыйлық

Печать PDF

Облыстық қуыршақ театрының әртістері Полудино балалар үйіне жиі ат басын бұрып тұрады. Бұл кездесуде балғындар назарына “Гусенок” қойылымы ұсынылды. Спектальдегі бес кейіпкердің бірі – балапан. Оның мінезі қырсық. Жанындағыларға жиі еркелейді, үлкендердің тілін алмайды. Достарының ақылын тыңдамаған оны бір күні айлакер түлкі ұрлап алып кетеді. Алена оны ұзақ күтеді, маңайдан іздеп таба алмайды. Қырсық балапанды тауып алуға кірпі көмектеседі. Қойылымның соңында біраз қиындықты бастан өткерген Алена мен кірпі балапанды түлкіден құтқарып, аман алып қалады. Достық туралы тартымды қойылымнан кішкентай көрермендер сабақ алды

argaiv1208

МЕЙІРІМ ШУАҒЫ

Печать PDF

Халқымызда “Қуантсаң, баланы қуант” деген тәмсіл бар. Әсіресе, Балаларды халықаралық қорғау күні мерекесіне орай ана мейірімін, әке жылуын сезіне алмай жүрген бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, жанын жадыратуға асығатындар аз емес. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері де ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне сыйлықтар мен тәтті-дәмділерін алып, барып қайтты. Мектеп-интернат басшысы Ризабек Кәкпенов ертеңгі күннің келбеті – балаларға әрдайым жанашырлық танытып, көмек беріп тұратын аталмыш мекеме басшысына алғысын айтты. Ал балалар болса, меймандарға өз өнерлері арқылы ризашылықтарын білдіріп, ән-жырдан шашу шашты.

Мөлдір БОПАШЕВА,

облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің

баспасөз хатшысы.

Жинақты ерте алуға бола ма?

Печать PDF
Зейнетақы қорындағы жиналған қаржыны зейнет жасына жетпей ерте алуға бола ма?
Раушан ЕСІМСЕЙІТОВА.
Шал ақын ауданы.

АУЫЛДА ТОЙ ЖАСАУҒА НЕГЕ АРЛАНАМЫЗ?

Печать PDF

“Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды” дегендей, қоғамда, айналаңда болып жатқан келеңсіздіктерді көрген көзде, естіген құлақта жазық жоқ. Бұған дейін оқырмандарымыз ысырапшылдық жайында жазған біраз мақалаларымызды оқыған болар. Ол кезде өлім-жітім кезінде орын алатын ысырапшылдық жайында айтқанбыз. Бұл жолы әңгіме той төңірегінде өрбиді. “Өзге тойды тойламасаң тойлама, екі жастың бақыт тойы тойлансын”, деп бар жиған-тергенін балалардың үйлену тойына шашатын қазекем соңғы кезде жаңа үрдіске бой алдырып барады. “Бәленшеден қаламыз ба, біз де бір мақтанайық, аянбай барымызды салайық, жетпесе, несие алайық...” дегендей, кейбір ағайындар ауылда тұрса да, қаладағы қымбат дәмханалар мен мейрамханаларда той өткізуді әдетке айналдыруда. Жақында мен де сондай тойдың куәгері болдым. Ауылда тұратын бір танысым ұлының үйлену тойын қалада өткізді. “Соншама ақша шашып, қайтесің, одан да сол жиынды үйде жасамайсың ба, қазір бәрі қымбат”, – деген менің сөздерімді құлағына да ілмеді. Керісінше, “құдалардан ұят болады” дейді, ал қонағасын беру үшін арнайы коттедж жалдағанына не дерсің?!

“МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН”

Печать PDF

“Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді” деген. Күлке Әубәкірова апай 82 жасқа келсе де, жүзінің әрі тая қоймаған. Тың, жүрісі ширақ, сөз саптасы мығым. Текті тұқымнан қалған тұяқ екенін жазбай тануға болады. Оның зобалаң кезеңнің айықпас жарасы жайлы айтары аз емес.

 

– Апа, аталарыңыз үйір-үйір жылқы, табын-табын сиыр, отар-отар қой өргізген дәулеттілер санатынан болыпты. Жазықсыз қудаланып, итжеккенге айдалуының, нақақтан-нақақ атылуының бір сыры осында жатқан шығар? Ол кездері бай-манаптарға бүйідей тиіп, қынадай қыру кеңес өкіметінің саяси ұстанымдарының бірі болған жоқ па?

Ұжым мақтанышы

Печать PDF

Серік Мәулетбаев – өңірімізде ғана емес, елімізде танымалдыққа ие болған “Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде табысты жұмыс істеп жүрген еңбек адамдарының бірі. Кәсіпорындағы металл мен пластиктен жасалынатын 200-ден астам өнімге қажетті жабдықтар Серік сияқты станок операторларының қолынан шығады. Шебердің Қызылжар ауданының Бескөл ауылында орын тепкен компанияның табалдырығын аттағанына төрт жыл болыпты.

Страница 8 из 204