Солтүстік Қазақстан газеті

Әлеумет

САРБАЗДАН САРДАРҒА ДЕЙІНГІ ЖОЛ

Печать PDF

Адам тағдыры өз қолында деп жиі айтамыз. Әрине, Табиғат-Ананың құдіретін де жоққа шығара алмаймыз. Дегенмен, өмір соқпағын адаспай таңдай білген азаматтың өз шығар биігі, алар асуы болатыны ақиқат. Осыдан тура 26 жыл бұрын Балабек Жахин балаң үміттің жетегінде полиция қызметкері атану үшін Қарағанды жоғары милиция мектебіне жол тартқан еді. Ал бүгінгі күні бұралаңы мен соқпағы көп өмір жолында адаспағанына анық көзі жетіп отыр. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде ол осы қызметтің абырой биігінен көріне білді.

argaiv1428

Автобус жүрмейтін ауылдар бар

Печать PDF

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, өзекті мәселелер қаралды. Отырыс өңірдегі жолаушылар тасымалының сапасын талқылаудан басталды.

Мүмкіндіктің шегі жоқ

Печать PDF

Облыстық прокуратура “Барлығы үшін жұмыс” жобасын жүзеге асыру аясында “Еуразия” сауда үйінде “Шектеусіз мүмкіндік” акциясын өткізді. Аталған акцияның негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі талантты жандардың өз қолдарымен жасаған бұйымдарын жұртшылық назарына ұсына отырып, сатылымға шығару.

ПАНДУС СТАНДАРТҚА САЙ МА?

Печать PDF

Кембағал жандар әлеуметтік нысандарға кедергісіз кіруі керек. Олар да өзге адамдар секілді өмір сүруге құқылы. Өздеріне тән қажеттіліктері бар. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі жандардың қала ішінде емін-еркін жүріп-тұруы қиындық тудырып отыр. Тосқауыл болатын жағдайлар жетіп артылады. Осыдан бірер күн бұрын “Нұр Отан” партиясы жанынан “Кедергісіз келешек” жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған комиссия мүшелері облыс орталығында рейд жүргізді.

Құмар ойын шаңырағымды шайқады

Печать PDF

Әрбір бойжеткен жасы келгенде тұрмысқа шығып, шаңырағының шырайын келтіріп, асыл жар, аяулы ана, инабаты келін болғысы келеді. Менің де арманым осы болған. Бірақ отбасылық бақытым ұзаққа бармады. Шаңырағымның шайқалмауына он жыл бойы қолымнан келгеннің бәрін жасадым, бар қиындыққа шыдап бақтым. Бірақ “Мың күнде сынбаған шөлмек, бір күнде сынады” дегендей, шыдамым таусылған соң жұбайыммен ажырасып кеттім. Басымнан өткен осы оқиға басқаларға сабақ болса екен деймін.

ӘКЕМНЕН ЖӨРГЕГІМДЕ ЖЕТІМ ҚАЛДЫМ

Печать PDF

Қазақ халқының басынан қандай зұлмат оқиғалар өтпеді. Тарихты тізбектеп, өткен өмір белестерін қопармай-ақ, өз жүрегімде өшпес із, жазылмас жара қалдырған өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы қуғын-сүргіннің кесапатына тоқталсам, менің тағдырымның талай отандастарымның өмірімен ұқсастығын көреміз. Қазаққа үлкен қасірет әкелген сол жылдары мен де әкемнен айрылып, жетім атандым. Өзім ғана емес, анам Төлеу мен ағам Хайролла да ауыр тағдырдың тауқыметін бастан өткерді.

Страница 7 из 204