Солтүстік Қазақстан газеті

Әлеумет

“Жүрексіз” жан

Печать PDF

Бала – Алланың берген аманаты. Қорғансыз сәбиді қорлауға ешкімнің де құқығы жоқ. Керісінше, ұрпақ жалғасы болып, әр шаңырақты шаттық пен шапағатқа бөлейтін шақалақтарды барынша аналық мейірімге, әкелік ыстық ықыласқа бөлей білу керек. Сонда ғана ұрпағымыз мейірімді, иманды болып ержетеді.

argaiv1208

СӘКЕН ҚҰРҒАН ҚАРАҒАШ

Печать PDF

– “Елмен көрген ұлы той” демекші, кешегі кәрі-жасты, шиеттей бала-шағаға дейін қынадай қырған ашаршылық жылдарды, одан қалды кейінгі ұжымдастыру науқанын да, ел басына алапат болып тиген, аждаһадай аранын ашқан қантөгіс соғысты, тың және тыңайған жерлерді игеру кезіндегі солақай саясатты, бертінгі тоқырау кезеңін, бәр-бәрін ағайын жұртпен бірге көріп, мойнымызға түскен атан жүкті иық тірестіре көтере білдік. Енді, міне, ірілендірілген МТС-тар мен ұжымшар, кең-шарлардың барлығы “жекешелендіру” деген желеумен талан-таражға түсіп, тарап жатқанын, сөйтіп, әркім өз күнін өзі көрмекке жанталасып, акционерлік қоғамдар, түрлі кооперативтер, жекелеген серіктестіктер құрыла бастаған шақты да көзбен көріп отырмыз, – дейтін ертеректе елдегі көнекөз қарттардың бірі, соғыс және еңбек ардагері Шайқы Уәлиев.

ТЕМІРДЕЙ ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ӘУЛЕТ

Печать PDF

“Ұяда не көрсең, ұшқанда со­ны ілерсің” демекші, әр адамның арман-мақ­саты өз отбасында қалып­тасады. Әкеге қарап, өзінің өмірлік жолын айқындап, ата дәстүрін жалғаған ізбасарларды көптеп кезіктіруге бо­лады. Бір шаңы­рақтың өрелі ісін жалғап, ішкі іс­тер органдарында бүгінде үшінші буыны абыройлы қызмет атқарып келе жатқан Шайкөзовтер әулеті тек сырлас, мүдделес жандар ғана емес, сондай-ақ, қызметтік мәселелерді бірге шешіп, кәсіби міндетті бірінші орынға қоятын отбасылардың бірі. Бұл әулеттің мүшелері тәртіп сақшысы қыз­метін кеңес милициясынан бас­тап, бүгінде тәуелсіз Қазақстан полициясында жал­ғастырып келеді.

Жүрегі ізгілікке толы

Печать PDF

“Еңбек – адамның көркі, адам – заманының көркі” дегендей, денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, халықтың ықыласы мен алғысына бөленіп, заманының көркі болып жүрген дәрігерлер аз емес. Солардың бірі – облыстық аурухананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ботагөз Сүлейменова.

АНА МЕЙІРІМІН ІЗДЕЙДІ

Печать PDF

Бүгінде туған баласынан безген “көкек аналар” азаймай отыр. Балалық шақтың балдәуренін емес, кермек дәмін татып, анасының ыстық құшағы мен аялы алақанының жылуын сезіне алмай өсіп келе жатқан қаншама бала бар. Олар жетімдер үйлерінде тәрбиеленіп жатыр. Перзентінің жанарын жәудіретіп кете барған, өзі тасбауыр ана атанғандардың жайы өзекке өкініш ұялатады. Бұл – қоғамның қасіреті, ащы да болса шындығы.

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖӘНЕ ЖӘРДЕМАҚЫ ӨСУДЕ

Печать PDF

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауында: “...2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттырылады. Бұдан бөлек, базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді. ...Менің тапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20%-ға өсіріледі...”, – деген тұжырымын жұртшылық бірнеше мәрте қайталап оқығаны анық. Өйткені, бұл көпшіліктің тосқан жаңалығы болатын.

Страница 6 из 204