Солтүстік Қазақстан газеті

Әлеумет

ЖІГЕРЛІ ЖАС

Печать PDF
“Петропавл құрылыс материалдар зауыты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қабырғасы қаланған 2007 жылдан бері 13 миллиард теңгенің өнімін шығарған. Зауыттың полиэтилен құбырлары, бетон мен пенопласт өнімдері, сэндвичпанельдері, жол-аяқ төсеніштері, жылыту жүйесіне арналған құбырлары үлкен сұранысқа ие. Бүгіндері компания 20 технологиялық желіні іске қосқан.

БЕСІКСІЗ ҮЙДЕ БЕРЕКЕ ЖОҚ

Печать PDF

Шыр етіп дүниеге келген сәбиін қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай өсіру – әр ата-ананың борышы. Алайда бүгінгі қоғамда баласына жөні түзу тәрбие бере алмай, ата-аналық міндетін орындамай жүргендердің қатары қалыңдаған. Ресми деректерге көз салсақ, өткен жылы еліміз бойынша 1000-нан астам, ал өңірімізде 93 отбасы бала тәрбиелеу құқығынан айырылыпты.

argaiv1208

ЕҢБЕК ЕТКЕННІҢ ЫРЫСЫ МОЛ

Печать PDF

Бүгiнгi таңда елімізде жұмыссыздар санын азайтудың түрлi жолдары қарастырылуда. Елбасы да жұмыссыздар санының көбеюiнен коғамның әлсiрейтiнiн баса айтып, тиiстi органдарға нақты тапсырмалар берген болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Үкімет үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын” ұсынды. Еліміздегі тоғыз миллиондай экономикалық тұрғыдан белсенді адамның шамамен 810 мыңы жұмыссыз екенін ескерсек, бұл бағдарламаның тиімділігі зор болмақ. Әрі орта біліммен ғана шектелгендердің жұмыс табу мүмкіндігі де кеңейеді.

ТАҒДЫР СЫНЫНА МОЙЫМАҒАН

Печать PDF

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты халыққа Жолдауында: “Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады”, – деп атап көрсетіп, жарымжан жандарға барлық жағдай жасалуы қажеттігін тапсырғанды. Осыған орай облысымызда жергілікті билік тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек қолы созылуда. Оған өз кәсібін дөңгелетіп отырған мүгедек жандардың жұмысы дәлел бола алады.

Әсерлі сапар

Печать PDF

Астана күні қарсаңында облыстық полиция қызметкерлері он бес мектеп оқушысының “ЭКСПО – 2017” халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауына мүмкіндік жасады.

КӨШІП КЕЛУШІЛЕРГЕ ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ҚҰШАҒЫ АШЫҚ

Печать PDF
Өткен аптада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысындағы күндері өтті. Төрт күнге созылған шараны қорытындылау үшін жұмыс сапарымен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ауыл тұрғындарымен, кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті.

Страница 5 из 204