Солтүстік Қазақстан газеті

Әлеумет

Қызмет көрсету сапасы жақсаруда

Печать PDF

Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы “Мемлекеттік қызмет көрсету шараларын жетілдіру, электронды қызмет түрінің мүмкіндіктері” тақырыбында кезекті баспасөз мәслихатын өткізді.

argaiv1208

БӘРІ БОЛАШАҚ ҮШІН

Печать PDF

Қазақстанның экологиялық қоғамдық қоры “Балалар және қоршаған орта ахуалы” тақырыбындағы жобаға грант ұтып алып, оны жүзеге асыруда.

ЕҢБЕКТЕНГЕННІҢ ЕҢСЕСІ БИІК

Печать PDF

Жыл аяғына дейін өңірде 24172 адамды жұмысқа орналастыру міндеті қойылып отыр. Тарата айтсақ, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы 13047 адам еңбек ету құқына ие болмақ. “Өрлеу” бағдарламасы аясында тұрмысы төмен отбасыларды қамтуға бірінші кезекте басымдық берілген. Осыған орай 270 әлеуметтік келісімшарт жасалып, 1200 адам қатысуға ниет білдірген. Бұрындары бюрократтық кедергілер мен қағазбастылықтар салдарынан құжаттарды рәсімдеу бірталай қиындықтар тудырса, қазір бұл үдеріс әлдеқайда оңайланғаны байқалады. Жобаға қатысу үшін отбасы мүшелері тұрғылықты жердегі жұмыспен қамту орталығына немесе ауылдық әкімдікке хабарласып, тиісті құжаттарды ұсынса жеткілікті.

ЕҢБЕКПЕН КЕЛГЕН АБЫРОЙ

Печать PDF

“Жігіттің түсін айтпа, ісін айт” дейді халық нақылы. Ел басқарған азаматтар неғұрлым жан-жақты, терең білімді, түсінігі, жанашырлығы мол, ақжарқын болса, сол елдің тұрғындарына жеңіл тиері анық. Осы адами қасиеттерді ширек ғасыр бойы Уәлиханов ауданындағы “Жаңаауыл” кеңшарын басқарып, өмірдің ащысы мен тұщысын халқымен бірге көрген Қайырбек Шәпеновке қатысты айтуға болады.

“Әлди” естімеген ұрпақ өсіп келеді

Печать PDF

Ғалымдар адамның музыкаға деген әуестігін көп жылдар бойы зерттеу барысында оның көңіл-күйге, дамуға едәуір ықпалы бар екенін дәлелдеді. Бала ана құрсағында-ақ үн мен әуездерді естіп, олардың айырмашылығын ажырата алады. “Бесіктегі нәресте ана сөзін түсінбесе де, құлағына сүтпен бірге ана тілінің әсем сазын, қоңыр әуезді, ойлы, мұңды мақа-мын сіңіреді. “Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді” деген мақалды тек мінезге ғана қатысты қабылдап, халық даналығының түпсіз тереңдігіне бойлай алмай жүрміз. Егер аналар “Бесік жырын” бес саусағындай біліп, оның жағымды әуені мен тәрбиелік сөздерін сәби құлағына сүтпен бірге сіңіріп отырса, тіл тағдырына бүгінгідей алаңдар ма едік?! Бауыржан Момышұлының: “Мен бүгінде баласына бесік жырын айтпайтын анадан, немересіне ертегі оқымайтын әжеден қорқамын”, – деуінің де тамыры тереңде жатыр. “Бесік жырлары” – тәрбиелік мәнге, ана мейіріміне толы. Мәселен, “Әлди, әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат, бөпем!” деп басталатын ән әуені сәбиді тәтті көңіл-күйге бөлеп, өз ырғағымен жұбатады. Сонымен қатар:

ҰЗАҚ ЖЫЛҒЫ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ

Печать PDF

Саналы ғұмырының қырық жылға жуығын өңіріміздегі қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – “Солтүстік Қазақстан” газетіне арнаған әріптесіміз Айтбибі Қарменова адам өміріндегі мерейлі сәт зейнет демалысына шығып отыр. Кеше ұжым мүшелері көпжылғы абыройлы еңбек иесін осынау қуанышымен құттықтап, жүрекжарды лебіздерін, игі тілектерін арнады.

Страница 4 из 204