Солтүстік Қазақстан газеті

Ауыл шаруашылығы

АЛҚАПТАҒЫ ЖҰМЫС ҚАРҚЫН АЛУДА

Печать PDF

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері үшін жауапты кезең – көктемгі егіс жұмыстары бүгінде өңірімізде қызу жүргізілуде. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады.

argaiv1977

ӘРТАРАПТАНДЫРУ ӨЗ ЖЕМІСІН БЕРЕДІ

Печать PDF

 

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Аққайың, Тайынша аудандарында болды. Өңір басшысы “И.Зенченко” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алқаптарында көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты. Серіктестік директоры Геннадий Зенченконың айтуынша, барлық егістік алқаптардағы жұмыстарды қолайлы агротехникалық мерзімде аяқтап шығу жоспарланған.

МАҚСАТ — НАУҚАНДЫ МЕРЗІМІНДЕ АЯҚТАУ

Печать PDF

Бүгінгі күні облысымызда көктемгі дала жұмыстарына 30 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылып, қырдағы қарбалас қыза түсті. Басты мақсат жауапты науқан барысында 3,9 миллион гектар алқапқа дәнді уақтылы сіңіру болып табылады.

ҚЫРДА ДҮБІР БАСТАЛДЫ

Печать PDF

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы облыс аграршылары көктемгі егіс науқанына жаппай кіріскенін хабарлады.

Дән себуге дайын

Печать PDF

Уәлиханов ауданының диқандары биыл 265 мың гектар алқапқа егін екпек. Оның 196 мың гектарына дәнді және бұршақ тектес дақылдар, 34 мыңына майлы дақылдар себіледі. Көктемгі егіс науқанын уақтылы және сапалы жүргізіп, күзде мол өнім алу мүмкіндігі аудандық аграрийлердің басын қосқан семинар-кеңесте пысықталды.

  Елдегі аграрлық саясат және жыл сайын көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының арқасында аудан шаруалары былтыр жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Биыл одан да асып түсу мақсаты көзделеді.

Жиында айтылғандай, наурыз-сәуір айларында ауыл шаруашылығы техникасы жөнделіп, ретке келтірілген. Алқаптарда ылғал сақтау, топырақты өңдеу сияқты тиісті шаралар жүргізілді. Машина-трактор паркі де ойдағыдай жаңартылуда. Былтыр диқандар 72 жаңа техника сатып алған.

Синоптиктер мамыр айының шаруаға мамыражай болмайтынын ескертті. Десек те, бұл дала жұмыстарына кедергі болмауы тиіс деген ортақ тоқтам да жасалды. Жиында мемлекеттік “Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық”, “Береке”, “Ырыс” бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы туралы да сөз болды. Биылғы жылдың үш айында аудан шаруалары 900-ге жуық ірі қара сатып алыпты.

“Қызылжар-Ақпарат”. 

 

 

Білікті маман, сенімді әріптес

Печать PDF

Бұл кез – кетпені сайлаулы, шығыры майлаулы диқандар қауымының жер жыртып, егін салуға асығатын мезгілі. Күн жылы рай танытқалы бері Жамбыл ауданы Благовещенка ауылындағы “Атамекен-Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері ауыл шаруашылығы техникаларын тексеруден өткізіп, кемкетігін түзеп жүр. Солардың бірі – Еркін Әшімов. Аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үздік механизаторы тізгіндеген техника – егіс кешені. Егістік алқапты бағындырар сенімді серігінің қай жерінде ақауы бар екенін дыбысынан-ақ ажыратады.

Жиырма жылдан астам уақыт ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп келе жатқан механизатор басшылық үшін білікті кадр болса, ұжымы сенімді әріптес ретінде қабылдайды. Жауапты, тиянақты, еңбекқор Еркін Серікұлы мақтау, марапаттаудан да кенде емес. Түрлі грамота, медальдармен марапатталған механизатор: “Бақыт басын еңбек еткенге ғана иеді”, деген сөздің жаны бар. Ал еріншектің ертеңі бітпейтіні бесенеден белгілі. Сондықтан біз адал еңбек етіп, жас буынға үлгі болуымыз керек”, – дейді.

Жаз бойы бел шешпейтін осындай жандардың еңбегі зор. Себебі, біздің қоғам қазір де, болашақта да өнімді еңбек ете алатын тәжірибелі мамандардың арқасында ғана өсіп, өркендейді.


Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.


Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Страница 7 из 61