Солтүстік Қазақстан газеті

Ауыл шаруашылығы

Ақжарлықтар алда

Печать PDF

Өңірімізде көктемгі егіс қыза түсті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 26 мамыр күнгі деректеріне сүйенсек, 2963,1 мың гектар егіс алқабының 1861,2 мың гектарына бидай сіңіріліп, белгіленген меженің 62,8 пайызы орындалған. Майлы дақылдарға арналған 712,2 гектар алқаптың 463,2 мың гектарында себу жұмыстары аяқталды. Жоспарланған картоптың 94,1 пайызы отырғызылды. Ал қызылша егістігінде жарты алқап әлі бос тұр. Диқандардың жұмысы әлі жетерлік. Көпжылдық және біржылдық шөп егу сәйкесінше, 33,2 немесе 16,6 пайызға орындалған.

argaiv1962

Көктемгі егіс жұмыстарының көшбасында ақжарлықтар алда келеді. Олар жоспарлы 192,6 мың гектар бидай алқабының 85,8 пайызына дән септі. Ал майлы дақылдар мен картоп егу жұмыстарын аяқтады.

БІЛІКТІ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ — ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Печать PDF

Мал шаруашылығы атакәсібіміз ғана емес, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды салалардың бірі. Мал басының басым бөлігі, яғни 80 пайыздан астамы қосалқы шаруашылықтарда шоғырланғандықтан, Елбасы тапсырмасымен оларды кооперативтерге біріктіріп, оңтайландыру шараларының қолға алына бастауы өте құптарлық. Осы орайда, болуы мүмкін қателіктерге бой алдырмау үшін бірнеше алғышарттарды ескерген жөн. Олардың ішінде бірінші кезекте кадр мәселесіне айрықша назар аударғым келеді. Экономиканың қай саласын алсақ та, қаржыны тиімді игеретін де, ғылым жаңалықтарын енгізетін де – білікті мамандар.

АСТЫҚТЫ АЙМАҚ — ЕЛ ТІРЕГІ

Печать PDF

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысу мақсатында өңірімізге жұмыс сапарымен келді. Үкімет мүшесі алдымен өңірімізде жүріп жатқан көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты.

ЖЕРДІ ЕМГЕН ЖҮДЕМЕЙДІ

Печать PDF

Бүгінгі таңда ел экономикасының дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген кәсіпкерлердің арасында тек бір саламен ғана шектеліп қалмай, бірнеше бизнестің басын біріктіріп, кәсіпкерлік ісін дөңгелетіп отырған жерлестеріміз бар. Солардың бірі – Қызылжар ауданындағы “Ер-Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Анатолий Шушамоин.

Соны серпін

Печать PDF

Айыртау ауданындағы Константиновка елді мекені тұрғындарының көпшілігі ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. 2016 жылға дейін инвесторлар жиі ауысып, жалақы кешіктіріліп, жұмысшылар қысқартылып келсе, “Константиновка – 2004” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі инвестор “Каззернопродукт” фирмасының құрамына кіргелі жағдай түзелді.

Уылдырық шашатын мерзім

Печать PDF

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Есіл мен Сілеті өзендерінде және басқа су айдындарында 20 сәуірден бастап бір ай бойы балық аулауға тыйым салынды. Осы уақытта шортан, сазан, аққайран және көксерке сияқты балықтар уылдырық шашады.

Страница 6 из 61