Солтүстік Қазақстан газеті

Ауыл шаруашылығы

АЛҚАПТАР ӨҢДЕЛУДЕ

Печать PDF

Көктемгі егіс жұмыстарын аяқтаған облыс диқандары танаптарды күтіп-баптауға кірісті. Биыл облысымыздың 3487 мың гектар алқабында арамшөптер мен зиянкестерге қарсы іс-шаралар қолға алынатын болады. Бүгіндері оның 267 мың гектарында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Бұл деректерді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады.

argaiv1900

Меже жақын

Печать PDF

Өңіріміздің агроқұрылымдары көктемгі егіс жұмыстарын аяқтауға жақындады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 7 маусым күні берген дерегіне сүйенсек, егіс алқаптарындағы жұмыс 99,5 пайызға орындалды. 3909,3 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар себілді. Соның ішінде дәнді және бұршақ дақылдары 2963,1 мың гектарға сіңіріліп, жұмыс толық аяқталды. Майлы дақылдар 712,2 мың гектарға егілді. Картоп пен көкөністер де толықтай отырғызылды. 200,8 мың гектарға егілуге тиісті жемазық дақылының 92,2 пайызы себілді. Қант қызылшасының егісі 0,4 мың гектарды құрады.

КӨМЕК КӨПТІК ЕТПЕЙДІ

Печать PDF

 

Жұмыс сапарымен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов көктемгі егіс науқанының барысымен танысып, су тасқынынан зардап шеккен Рузаевка ауылының тұрғындарымен кездесті. Табиғи апатқа тап болған жерлестерімізге қолдан келген көмектің бәрі көрсетілуде.

ЕГІННІҢ ЖАУЫ

Печать PDF

Бүгіндері еліміздің солтүстік өңірлерінің диқандары көктемгі егіс жұмыстарын аяқтауға жақын қалды. Енді олар аз уақыттан кейін алқаптарды күтіп-баптау іс-шараларын қолға алатын болады. Бұл кезде дақылдарды зиянкестерден қорғау мәселесі өзекті болып табылады. Біз бұл мәселемен ғылыми тұрғыда айналысып жүргендіктен осы мақаламызда фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге зиянкестермен күрес жолдарын баяндамақпыз.

МЕЖЕГЕ ТАЯУ

Печать PDF

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өңірде картоп пен көкөніс отырғызу жұмыстарының аяқталғанын хабарлады.

ІРІЛЕНДІРУ — ІЛГЕРІЛЕУ КЕПІЛІ

Печать PDF

Қаздың еті – жеңіл әрі дәмді тағам, майы – емге дәру, мамығы – жастық. Оның еті нарыққа шығарылғанда да басқа үй құстарымен салыстырғанда, қымбатқа сатылады. Алайда, қаз өсіріп, табыс табуға ниеттенетіндердің қатары қалың болғанымен, бұл іс екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұған біз облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өңірімізде қазды өндірістік бағытта өсіруді қолға алған “Красный Яр” ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне ұйымдастырған баспасөз туры барысында көз жеткіздік.

Страница 5 из 61