Солтүстік Қазақстан газеті

Экономика

ТЫҢ СЕРПІН, КЕҢЕЙГЕН КӨКЖИЕК

Печать PDF

argaiv1208

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Қазақстан халқына Жолдауы, негізінен, еліміздің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізуге бағытталған.

БОЛАШАҚҚА САЯХАТ

Печать PDF

Астана қаласының төрінде өтіп жатқан “ЭКСПО – 2017” көрмесіне әлем назар тігуде. Қазақстандықтар дүниежүзілік маңызы бар шараны өз көздерімен тамашалауға мүмкіндік алуда. Энергетика саласының қызметкерлері үшін бұл көрме, тіпті, қызғылықты. Болашақтың энергиясы туралы әлемде қандай жаңашылдықтардың бар екендігін білуге олар да ынталы. Сондықтан “СевКазЭнерго” акционерлік қоғамының әкімшілігі өз қызметкерлерін “ЭКСПО” көрмесіне барып қайтуға мүмкіндік жасауда. Кәсіпорын 370 қызметкерін Елордаға саяхат жасатуды жоспарлап қойған болатын. Бүгінде олардың жартысынан көбі сапарлап келді. Барып келгендер алған өз әсерлерімен бөлісуде.

Инновация — өрлеу кепілі

Печать PDF

Мал мен құс шаруашылықтары ел экономикасын дамытудың басты салаларының бірі болып саналады. Бұл бағыттар бойынша мемлекеттің кешенді бағдарламалары жүзеге асуда. Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты да бұл үдеріске өз үлесін қосып отыр. Ондағы ғалымдар шаруалармен келісімшарт негізінде тығыз жұмыс істейді.

Тағылымды басқосу

Печать PDF

Облыстық қаржы басқармасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласын талқылауға арналған “дөңгелек үстел” өтті.

“Бір белдеу, бір жол” жобасы

Печать PDF

2013 жылдың күзінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жасаған іссапары барысында өзара бірігіп “Жібек жолының” экономикалық белдеуімен оның ХХI ғасырдағы теңіз жолын жасау жөніндегі ұсынысын жариялаған болатын. Оның идеясы алғашында Қазақстанда ортаға салынып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан қолдау тапқаны белгілі. Арада өткен уақыт ішінде “Бір белдеу, бір жол” идеясы кең етек алып, 100 ел қуаттап, ал 40-тан астамы Қытаймен ынтымақтастыққа қол қойды.

ТАНЫМАЛ ЕТ ДҮКЕНІ

Печать PDF

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “100 нақты қадам” Ұлт жоспарының 61-ші қадамында ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту, шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау міндеттерін алға қойған болатын. Облысымыз ауыл шаруашылығы секторына басымдық беретіндіктен, мемлекеттің алға қойып отырған бұл мақсаттарын жүзеге асыру жергілікті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге үлкен міндет жүктейді.

Облыста ет өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпорындар аз емес. Азық-түлік өнімдеріне деген талаптың жоғары екендігін ескерсек, сапалы да табиғи өнімдер өндіретін кәсіпорындар ғана бәсекелестіктің талаптарын орындай алады. Бәсекелестікке қабілеттілікті бағалайтын, әрі қалыптастыратын – тұтынушылар. Осы тұтынушылардың көңілінен шығып, бизнесін жылдан-жылға кеңейтіп келе жатқан петропавлдық “Сарбаев және К” жеке кәсіпкерлігінің өңір экономикасын дамытуға қосып отырған өзіндік үлесі бар.

Кәсіпкер Василий Сарбаев бірінші ет дүкенін 2006 жылы ашқан екен. Фирманың бірден танымал болып кетпегені анық. Бизнестің жолында көптеген қиындықты еңсерген. Кәсіпкер осыдан бірнеше жыл бұрын теңге құнсызданып, тауардан түсетін пайда азайғанда да тұтынушыларын жоғалтпау үшін дүкеннің қызметін тоқтатпаған. Жылдар бойы бұл кәсіптің қырсырын меңгеріп, бәсекелестікке қабілеттілікті қалай нығайту керектігін үйренген Василий Анатольевичтің кәсіпорны бүгіндері сапалы өнімімен ерекшеленеді.

– Табысты молайту үшін арзан шикізат сатып алу немесе шығынды болдырмау үшін тұрып қалған етті сату маған жат қылық. Әр тұтынушының алдында абыройымды ойлайтын адаммын, – дейді ол.

Василий Анатольевич өнім сапасын қадағалап отыру үшін өндіріс цехында шағын зертхана ашқан. Ет өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкерлердің денінде мұндай зертхана жоқ. Ет өңдеу цехына әкелінген әрбір мал ұшасы қатаң тексерістен өтеді.

– Әр малдың сою қосынынан берілген анықтама қағазы болса да, оның ішкі құрылысының әр мүшесі мұқият тексеріледі. Мал ұшасының тазалығына әбден көз жеткізіп барып, қабылдаймыз. Үш жасқа дейінгі мал қабылданады, – дейді кәсіпорынның мал дәрігері Ерік Жәкеев.

Жеке кәсіпкерліктің ет цехына бас сұққанымызда, онда екі әйел қазы дайындап, тұзы мен бұрышы сіңірілген қабырғаларды ішекке өткізіп жатыр екен. Кәсіпорын технологі Наталья Тюрина мұндай тағамдар тек қолмен жасалатынын жеткізді. Мұнда күніне 45 килограмға жуық қазы дайындалады. Шұжық пен сүрленген еттің де мөлшері аз емес. Қарта, жал-жаяға деген сұраныс та жоғары. Тауар ваккумды орамамен қапталып, дүкен сөрелеріне жіберіледі. Күніне екі ірі қараның, 5-6 қойдың, сонша шошқаның, бір жылқының еті сатылады. Дүкен ашылған жылдың бірінші күндері 20 килограмм ғана тауар сатылса, бүгінде ол көрсеткіш бірнеше есе өскен. Кәсіпорын дүкенінде тауардың тоқсанға жуық түрі бар.

Василий Анатольевичтен кәсіпорынның шикізат мәселесі жайында сұрағанымызда етті тек облысымыздан сатып алатынын жеткізді.

– Солтүстікқазақстандық ет өнімдеріне – астаналықтардың қызығушылығы жоғары. Былтырға дейін олар біздің дүкенге арнайы келіп, сауда жасап жүрді. Сондықтан Астана қаласында ет сататын дүкен аштық. Саудамызда әзірге кірістен гөрі, шығын басымырақ. Бірақ тұтынушылар қатары күн санап артып келеді, – дейді кәсіпкер.

Астана қаласында “Сарбаев және К” жеке кәсіпкерлігінің дүкені осыдан бір жыл бұрын ашылған болатын. Бүгіндері елордаға апта сайын 1,5 тонна өнім жіберіледі. Басшы бұл жердегі сауда орны қалыптасу кезеңін еңсерген соң жақсы табыс түсе бастайтынына сенімді. Кәсіпорын жыл соңына дейін Ресей нарығына тауар шығармақ. Бүгінде Кеден одағының талаптарына сәйкес құжаттарын өткізіп, шешімін күтіп отыр. Алматы өңіріне де тауар жөнелтудің сәті жақын көрінеді.

Кәсіпкердің айтуынша, цех өнімділігі сұраныстан әлі де төмен. Өндірісті ұлғайту үшін биыл шұжық қақтайтын тағы бір құрылғы сатып алыпты. Кәсіпорынның цехы мен үш дүкені толық автоматтандырылған. Бейнебақылаулар қызмет көрсету сапасын жоғарылата түскен. Мұнда тұтынушыларды алдауға немесе кәсіпкердің абыройына нұқсан келтіретін басқа да әрекеттерге жол берілмейді. Жақында бір тұтынушы басқа жерден сатып алған сапасыз етті Сарбаевтың дүкеніне әкеліп, жанжал шығарыпты. Жемежемге келгенде, бейнетүсірілімнен ол адамның бұл дүкенде сауда жасамағаны анықталып, алаяқтықтың жолы кесілген. Кәсіпкер биыл тауарлық белгі мен таңбалауға үлкен мән беріп, дизайнерлермен жұмыс істеуде. Әр тауарды, тіпті, еттің кішкентай бөлігін тауарлық белгісі бар орамамен қаптамақ.

– Сапалы өнім мен баға тұрақты болса, тұтынушылардың қатары көбейері сөзсіз. Біздің сатушылардың қызмет көрсету деңгейі жоғары екендігін тұтынушылардың өздері айтады. Бұл бізді қуантып қана қоймай, қызметімізді одан әрі ширата түсуімізге серпін береді, – дейді кәсіпорын директоры Василий Сарбаев.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

СУРЕТТЕРДЕ: мал дәрігері Е.Жакеев; цех енбеккерлері О.Мацанова, Н.Толстихина.

Суреттерді түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Страница 5 из 167