Солтүстік Қазақстан газеті

Саясат

Шекарадағы бірлескен іс-қимыл

Печать PDF

Шекаралас жатқан Қазақстан мен Ресейдің билік органдары, азаматтық қорғаныс қызметтері төтенше оқиғалардан қорғанудың бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіткен. Жақында соның бір шарасы Мамлютка қаласының маңында ұйымдастырылды. Біріккен оқу-жаттығу шарасына Ресейдің Түмен және Қорған облыстарының өртсөндірушілері шақырылды. Мамлют орман шаруашылығы, ауданның азаматтық қорғаныс қызметкерлері, жедел медициналық көмек бөлімшесі, облыстық өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің құтқарушылары ресейлік әріптестерін қарсы алды.

argaiv1934

ДЕПУТАТТАР ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

Печать PDF

Кеше Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі облыс таңдаушыларының бірлескен отырысы өтті. Оған барлық деңгейдегі мәслихаттардың 215 депутатының 209-ы қатысып, өз таңдауларын жасады.

КАНАДАМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС НЫҒАЙМАҚ

Печать PDF
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов кеше өңірімізге жұмыс сапарымен келген Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Шон Стайл мырзаны қабылдады.

“ЖІБЕК ЖОЛЫ” ЖАҢҒЫРАДЫ

Печать PDF

Қазақстан мен Ресей жаңа “Жібек жолы” бағыты бойынша жол инфрақұрылымын жаңғыртып, транзиттік тасымалды ынталандырып, туризм мен сауда-саттықты дамытпақ. Осы мақсатты көздеген екі елдің жол жөндеушілері Петропавл қаласында кездесіп, түйінді мәселелер талқыланған жиын өткізді.

ЕКІ АУДАННЫҢ ӘКІМДЕРІ АУЫСТЫ

Печать PDF

 

Кеше Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ауданның әкімдері ауысты. Тимирязев және Шал ақын аудандарына жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Құмар Ақсақалов Президент Әкімшілігімен келісу және жергілікті мәслихаттардың келісім беруі бойынша тағайындалған әкімдерді аудан активтеріне таныстырып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Печать PDF

 

Кеше облыс орталығында заманауи жатақхана пайдалануға берілді. Бұған дейін қаңырап бос тұрған ғимарат бюджеттен бөлінген 67 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткізіліп, ажары кірген. Облыстық ішкі істер департаменті мен Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының қызметкерлеріне арналған бұл үшқабатты үй Қазақстан полициясының 25 жылдығына облыстық әкімдіктің тартуы болды. Нысанның тұсаукесер рәсіміне қатысқан өңір басшысы Құмар Ақсақалов тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті.

Страница 7 из 109