Солтүстік Қазақстан газеті

Саясат

ҚЫТАЙМЕН ӘРІПТЕСТІК НЫҒАЯДЫ

Печать PDF

Астанадағы “ЭКСПО – 2017” көрмесіндегі Қытай Халық республикасы павильонында Шаньси провинциясының ресми аймағы ашылды. Салтанатты шараға Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері қатысты.

argaiv1428

ЕЛ АБЫРОЙЫН АСЫРҒАН КӨРМЕ

Печать PDF
Ел жүрегі – елорда күнін облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен бір жарым мыңдай солтүстікқазақстандық Астанадағы “ЭКСПО – 2017” халықаралық көрмесінде қарсы алды. Теріскейлік делегация бас шаһарға елорда әкімдігінің шақыруы бойынша барған болатын.

Оқуға түспегендерге жұмыс беріледі

Печать PDF

2016 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті деңгей – 50 ұпай жинай алмаған немесе сынақтың бұл түріне мүлдем қатыспаған мектеп түлектерін жұмыспен қамту мақсатында “Сәтті қадам” партиялық жобасының үшінші бағыты іске қосылған болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Дін істері және азаматтық қоғам министрліктері осы бағытта бірлесе әрекет ету туралы меморандумға қол қойған.

ЖАҢА ОРЫНБАСАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Печать PDF

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов облыс активіне жаңа орынбасарын таныстырды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің индустриялық-инновациялық даму, инвестиция тарту, кәсіпкерлік және туризм жөніндегі орынбасары болып Дәурен Жандарбекұлы Жандарбек тағайындалды.

АЛҒАШҚЫ КІРПІШІ ҚАЛАНДЫ

Печать PDF
Кеше Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай өңір орталығының “Жас өркен” шағынауданында ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған көппәтерлі тұрғын үй кешенінің алғашқы кірпіші қаланды. Бұл шараға өңір басшысы Құмар Ақсақалов қатысып, полицейлерді осынау айтулы күнмен құттықтады.

Тағайындау

Печать PDF

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақаловтың өкімімен облыстық білім басқармасының басшысы болып Гүлмира Райынбекқызы Кәрімова тағайындалды.

Гүлмира Райынбекқызы Петропавл педагогика институтын, Көкшетау университетін бастауыш сынып мұғалімі, қаржы бакалавры мамандықтары бойынша тамамдаған.

Страница 6 из 109