Солтүстік Қазақстан газеті

Дін

“ІШІҢДЕР, ЖЕҢДЕР, БІРАҚ...”

Печать PDF

Баршаға белгілі, бүгінгі молшылық күнгейіміз болса, оның көлеңкесі секілді ысырапшылдықтың көріністері көп-ақ. Зая кетіп жатқан уақыт, текке жанып тұрған электр шамы, төгіліп жатқан тағам, пәтерлерде шүмегінен босқа ағып жатқан су, көп сөйлейміз, көп ұйықтаймыз, денсаулықтың қадірін бағаламаймыз, тағысын тағылар. Осылардың бәрі емес, бірі – топырақты өлім кезінде ысырапшылдық күнәсіне жол бермеу жайында ойымды ортаға салғалы отырмын.

argaiv1208

ҚАТЕРЛІ АҒЫМДАР ЫҚПАЛЫНАН САҚТАНАЙЫҚ

Печать PDF

Қазақстанға шетелдердің діни ықпалымен салафизм-ваххабизмнің солшыл “құндылықтары” тарау үстінде. Осы орайда “Нұрлы білім” дәстүрлі емес діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы төрағасының орынбасары, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі Рүстем Сыздықовты әңгімеге тартқан едік.

ОРАЗА АЙТЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Печать PDF

Айлардың сұлтаны болған Рамазан да аяқталып, ауыз бекіткен ағайын үш күн бойы айтшылады. Мұсылманның қос ұлық мерекесінің біріне баланатын бұл мейрамды тойлау әдеттегідей айт намазымен басталды. Ораза тұтқан жанға айт намазына қатысу уәжіп. Ежелден ислам дініне берік қазақ халқы бұл күні біріне-бірі жылы лебіздерін арнап, ағайын-туыс, көрші-қолаңды құттықтауды игі дәстүрге айналдырған. “Қызылжар” орталық мешітіне жиналған жамағатты айтулы күнмен облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады.

МЫҢ АЙДАН ҚАСИЕТТІ ТҮН

Печать PDF

Қамшының сабындай қысқа ғұмырда тек қана Алла тағалаға құлшылық етіп, оның разылығын көздеген салиқалы пенделер сағына күтіп жүрген Қадір түні биыл шілденің 1-інен 2-сіне қараған түнге тұспа-тұс келіп отыр. Бұл түн – Рамазан түндерінің ішіндегі ең қадірлісі. Қасиетті кешті ғибадатпен өткізген адамның сауабы да үстемеленіп, жақсылығы да еселене түсетіндіктен, Қадір түнінің берекесі мен ерекшелігін тізіп шығудың өзі қиын. Осы орайда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: “Кімде-кім түнде иманмен Алланың разылығынан үміт етіп намаз оқитын болса, оның бұрынғы күнәларының барлығы кешіріледі”, – деген.

БАСПАСӨЗДІҢ ЫҚПАЛЫ ЗОР

Печать PDF

Петропавлдағы Достық үйінде “Дін және БАҚ” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті. Шара барысында бұқаралық ақпарат құралдарында діни тақырыптардың жариялануы, материалдардағы ақпараттың ақиқаттығы және тағы басқа өзекті мәселелер қаралып, талқыланды.

САБЫРЛЫҚ ТІЛЕЙМІЗ

Печать PDF

Елімізде лаңкестер ұйымдастырған қайғылы оқиға – дінімізге, салтымызға, заңымызға қарсы жасалған қылмыс. Дін атын жамылған лаңкестердің іс-әрекеттері шариғат тұрғысынан үлкен күнә болып саналады. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында зорлық-зомбылық жасау – біздің дінімізге қарсы келу. Еліміздің бірнеше азаматы бұл қылмыстың құрбаны болды. Ислам діні мұндай әрекеттерге жол бермейді және кісі өлтіру үлкен күнәға жатады.

Страница 10 из 52