Солтүстік Қазақстан газеті

Дін

ӘҢГІМЕ АРҚАУЫ — ДІНИ АХУАЛ

Печать PDF

 

argaiv1428

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов “Қызылжар” орталық мешітінің және аудандардың имамдарымен кездесіп, оларды Тұңғыш Президент күнімен және Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтады. Өңір басшысы бұл басқосудың халықтар достығына, ұлтаралық, дінаралық татулықтың нығая түсуіне ықпалы зор боларына сенім білдірді.

Қызылжар өңірінде қос мешіт ашылды

Печать PDF

Өткен демалыс күндері облысымыздың екі ауылында алғаш рет азан үні естілді: оларда жаңа мешіттер жамағаттың игілігіне берілді. Аспан түстес күмбездері бар бұл мешіттердің алғашқысы Айыртау ауданындағы Кирилловка ауылында ашылды. Құранның бір сүресін оқумен басталған салтанатта бірінші болып лебіз білдірген аудан әкімі Ағзам Тастеміров көршілес ауылдардан келген және жергілікті тұрғындарды сауабы орасан зор мінәжат ордасының ашылуымен құттықтады. Одан кейін сөз алған ҚМДБ-ның облысымыздағы өкіл имамы, “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының сәлемі мен құттықтауын жиналғандарға жеткізе отырып, оларды бірлікке шақырды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және облысымыздың 80 жылдығына арналған тарту тәрізді бұл мешітте азан үзілмеуін тапсырған ол сөз соңында Пайғамбарымыздың (ғ.с.ғ.): “Кімде-кім Алла үшін бір мешіт салса, Алла тағала оған жәннаттан жай салып береді”, – деген хадисін ауызға ала отырып, ғибадат ғимаратын салған азамат – Ақылбай Сыздықұлына Алғыс хат табыс етті.

ИСЛАМДАҒЫ ИМАН МЕН АМАЛ

Печать PDF

Ислам дінінің сенім жүйесінде (ақида) қозғалған “Иман және амал” тақырыбы – сонау ерте кезеңнің өзінде орын алып, түрлі топтар мен ағымдардың шығуына, қала берді олардың бір-бірін имансыздықпен кінәлап, тіпті, өзара қантөгіске апарған күрделі мәселелердің бірі. Бұл өз кезегінде иман-амалмен қатар, иман-ислам, иман және үлкен күнә, иманның артып-кемуі, мұсылманды күпірлікпен айыптау секілді мәселелерді тудырды. Сондықтан бұл мәселелер ақида кітаптарында кеңінен талқыланды.

САЛАФИЗМ — ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТӨНГЕН ҚАУІП

Печать PDF

Елімізде соңғы жылдары бірнеше лаңкестік оқиғалар тіркелді. Мұндай қанды қылмысқа салафизм ағымында жүргендердің қатысы бары анықталды. Бір сөзбен айтқанда, салафизм ағымы – зайырлы мемлекет ұстанымын теріске шығарып, азаматтардың бостандығына, ішкі тұрақтылық пен ұлттық құндылықтарға қауіп төндіріп отыр.

САЛАФИЗМ — ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНА ЖАТ АҒЫМ

Печать PDF

Салафизм – ислам тарихындағы күңгірт дүниетаным заманының туындысы. Бұл өзінше бір, бұғауланған, жәбірленген араб санасы жайынан ақпарат беретін уақыт капсуласы іспеттес. Салафиттердің бастамашысы әрі қозғаушысы шейх ибн Таймия (1263–1328) болған.

Салафизмнің қоғамға қаупі зор

Печать PDF

Еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен бірге салафизм мәселесін мұқият зерттеп, зерделеді. Қазақстанда 23 лаңкестік және экстремистік ұйымның жұмысына тыйым салынған. Олардың арасында салафиттік бағыттағы “Ат-Тәкфир Уәл-Хиджра” ұйымы да бар. Салафизмнің – діни ағым, көзқарастар жүйесі екенін де атап өткен жөн.

Страница 7 из 52