Солтүстік Қазақстан газеті

Білім

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚ ШӘКІРТТЕР ЕРЛЕДІ

Печать PDF

Жуырда Алматы қаласында ментальді арифметикадан “ISMA” халықаралық олимпиадасы өтті. Оған Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Болгарияның және Ресейдің бір мың оқушысы қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше топта логикалық ойлау қабілеттерінен сынға түсті.Аталмыш шараны халықаралық “ISMA” ментальді арифметика мектебі ұйымдастырды. Осынау дүбірлі жарысқа Қызылжар ауданындағы “Парасат” мектеп-лицейінің тоғыз, Бәйтерек орта мектебінің бір оқушысы қатысып, солтүстікқазақстандық шәкірттердің бәрі де есептен есе жібермейтіндігін танытып келді.

argaiv1682

Аталмыш оқу орындарының ынталы оқушылары сыныптан тыс уақытта ментальді арифметикамен айналысады. Мамандардың айтуына қарағанда, ментальді арифметика дегеніміз – арнайы Абакус есебінің көмегімен 4-тен 16 жасқа дейінгі баланың ойлау қабілетін дамытатын ауызша есептеуге негізделген бірегей авторлық әдістеме. Абакус – көне есептеу. Ол б.з.д. V ғасырда ежелгі Грецияда, Римде, Қытай мен Үндістанда қолданылған көрінеді. Бүгінгі авторлар тарихи мұраны жетілдіріп, тез әрі тиімді нәтиже беретіндей оны заманауи әдістемеге келтірген. Осы әдіспен айналысатын оқушылар төрт амал бойынша калькулятордың көмегінсіз әп-сәтте ауызша есептеуге машықтанады екен.

Міне, Бескөл ауылында осы халықаралық “ISMA” ментальді арифметика мектебі әдістемесімен дәріс алған бір топ оқушы алғаш осынау дүбірлі жарыста өнер көрсетіп, білім ошақтарына абыроймен оралып отыр.

Атап айтсақ, Санжар Ғалым, Жәнібек Есләм, Абзал Сәбит, Құрмет Ерғалиев, Жәнел Жүрсінова халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанса, Сұлтан Сансызбаев, Жәнел Үсенова, Күнсұлу Тілепбергенова екінші, Сәкен Ибадулла үшінші нәтиже көрсетті. Бәйтерек орта мектебінен барған 7-сынып оқушысы Рахман Тұрсынқұлов та намысты қолдан бермей, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

Нұрсайын ШӘРІП,

журналист.

 

КЕЛЕШЕК — ҰРПАҚ ҚОЛЫНДА

Печать PDF

 Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатта көп жылдар бойы еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз бен жас мамандарымыз өзара тәжірибе бөлісуде. Мектебімізде деңгейлік курстардың бірінші, екінші, үшінші, көшбасшы сатысын оқып, өз іс-тәжірибесімен бөлісіп жатқан мұғалімдеріміз “Тәжірибе негізіндегі зерттеу” атты ашық сабақтар өткізді. Ұстаздар сабақтарында жеті модульді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланды.

Балаңыз қайда демалады?

Печать PDF

 

Оқушылардың жазғы демалысы басталысымен, ата-аналардың көпшілігін осы сұрақ толғандырады. Олар тоғыз ай бойы білім нәрімен сусындаған балаларының жазғы каникул кезінде ештеңеге алаңдамай тынығып, келесі оқу жылына тың күшпен кіріскенін қалайды.

Оқушылар сарайы салынып, саябақ жаңартылады

Печать PDF

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өңір жастарымен кездескені жайлы газеттеріміздің өткен санында жазған болатынбыз. Осы жиында облыс орталығында барлық заманауи талаптарға сай келетін балаларға арналған Оқушылар сарайы бой көтеретіні белгілі болды. Бұл жағымды жаңалық жастарды ерекше қуантқаны анық.

Арманы асқақ түлектер

Печать PDF

Петропавлдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі алғашқы түлектерін ұшырды. Қанат қаққалы отырған 78 түлекті облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенко құттықтап, ақ жол тіледі.

Страница 7 из 103