Солтүстік Қазақстан газеті

Экономика

НЕСИЕНІҢ ОРНЫНА — ИНВЕСТИЦИЯ

Печать PDF

Облыстық кәсіпкерлер палатасында ұйымдастырылған кездесу барысында қызылжарлық кәсіпкерлерге қор нарығы арқылы қаржыландыру көзін табу және тарту мүмкіндіктері бойынша ақпарат берілді.

argaiv1087

АСТАНАДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ

Печать PDF
Бас шаһарда еліміздің барлық өңірлерінің ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесін өткізу, сол арқылы отандық өнімдердің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үрдісі бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Арнайы жасалған кестеге сәйкес өңірлердің өкілдері биыл да астаналықтарды өздерінің базар бағаларына қарағанда арзан әрі сапалы өнімдерімен қуантуда.

ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ ЖАҚСАРУЫ ТИІС

Печать PDF

Шағын және орта бизнесті қолдау, тасжолдар бойындағы қызмет көрсету сапасын жетілдірудегі өзекті мәселелер облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте қаралды. Бизнесті қолдау мақсатында мемлекет жетпістен астам бағдарлама қабылдаған. Демеуқаржылар мен жеңілдетілген несиелер, кепілдік беру сияқты қолдаулар көрсетіліп, жаңадан кәсіп құрып, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік жасалуда.

Келбетіне көз тоймайды

Печать PDF

Астана – бұған дейін де көрікті орындарымен, әсем ғимараттарымен талайды тамсандырған ару қала. Дегенмен, “ЭКСПО – 2017” халықаралық көрмесі қарсаңында көшеге түрлі гүл-мүсіндер қойылып, арнайы қала қонақтарының жайлылығы үшін жағдайлар жасалыпты. Мұны бір топ солтүстікқазақстандық ардагерлер халықаралық көрмеге барған кезде көріп, көзіміз қуанды.

АЙШЫҚТЫ ҚОЛТАҢБА

Печать PDF

Бүгінде Сарыарқаның сайын даласында, тоғыз жолдың торабына тұрғызылған Астана қаласы ел мақтанышына айналып, әлем назарына ілікті. Бас қаламыздың бет-бейнесін өзгерткен құрылыс жұмыстарына қатысып, айшықты қолтаңбасын қалдырған солтүстікқазақстандық компаниялардың бірі – “Жылдам тұрғызылатын материалдар зауыты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болатын.

“ЖАС ӨРКЕН” — КӨНЕ ШАҺАРДЫҢ КӨРКІ

Печать PDF

Петропавл – еліміздегі ескі мен жаңа үйлесім тапқан, өткенін өшірмей, даму көшінен де қалмай өркендеп келе жатқан шаһарлардың бірі. Қалада ғасырлар сырын бойына сақтап, талай тарихи оқиғалардың куәгері болған көне ғимараттар баршылық. Сонымен қатар көкке құлаш сермеген зәулім үйлер мен кең сарайлар да көптеп салынуда. Қала күні қарсаңында облыс орталығының әкімі Марат Тасмағанбетовпен кездесіп, шаһардың ең көрікті шағынауданына айналуы тиіс “Жас өркен” жайлы әңгімелесудің сәті түсті.

Страница 10 из 167