Солтүстік Қазақстан газеті

Экономика

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ АШЫҚ ӘРІ ӘДІЛ ӨТУДЕ

Печать PDF

Қазақстандағы жекешелендірудің екінші толқынының табысты өткізілуінің басты шарты – мүлікті бағалаудан бастап, әлеуметтік маңызды нысандарды пайдалану міндеттеріне дейінгі барлық рәсімдердің ашықтығында. Жекешелендірудің негізгі мақсаты – мемлекеттік мүлікті әділ жолмен бәсекелес ортаға беру. Бұл жұмыс дұрыс жүргізілген кезде бірден екі маңызды мәселе шешіледі: әлеуеті жоғары мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру ұлттық экономиканың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – болашақтың ісі. Ал бірден көзге көрінетін нәтиже – мемлекеттік бюджет шығыны көп кәсіпорындарға демеу-қаржы беру жүктемесінен босатылады, оған қоса салық салынатын база кеңейеді, нақты ақшаға қол жеткізіледі.

argaiv1900

ЭКОКАПСУЛА ҮЛГІСІНДЕГІ ҮЙ

Печать PDF

Осы уақытқа дейін “экологиялық капсула” ғаламтор арқылы кеңінен танылып үлгерді. Оны мұxиттың жағасында да, түнгі аспанның астында да фотоға түсіріп, сан алуан интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілер арқылы таратты. Экокапсула үнемді теxнологиясымен ғана емес, романтикалық жағымен де xалықты баурап алды. Енді аталған өнертабысты “ЭКСПО – 2017” көрмесіндегі Словакия павильонында көруге болады.

Қолжетімділіктің жолы сан-тарау

Печать PDF

Алдағы уақытта Петропавл қаласында жергілікті тауар өндірушілердің фирмалық дүкендері тұтынушыларға қызмет көрсете бастайды.

ҚАНТ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ

Печать PDF

Жаз ортасынан ауып, күз мезгілі жақындағанша көкөністің де, қанттың да бағасы күн сайын құбылады. Бір ай бұрын қызылжарлықтар қанттың бір килограмын 235 теңгеге сатып алса, қазір ол 280-300 теңгеден саудалануда. Ұн мен сұйық майдың да бағасы шарықтаған. Күнделікті тұтынатын азық-түлік бағасының бұлайша ауытқуы қызылжарлықтардың қалтасын қағып отырғаны түсінікті.

Әлем ғажайыптарын тамашаладық

Печать PDF

Ақжар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен зейнет жасындағы еңбек ардагерлері “ЭКСПО – 2017” көрмесіне барып келді. Жолда өңіріміздің тылсым табиғаты мен қарағайлы-қайыңды елді мекендерін де тамашалау мүмкіндігіне ие болдық.

ӨРКЕНІ ӨСКЕН ӨНДІРІС

Печать PDF

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік – ел экономикасын жаңа белеске көтеруге, оны әртараптандыруға және кәсіпкерлерді ірі инвестициялық жобаларға тарта отырып, мемлекетпен бірлесе бизнесті жаңа өрістерге шығаруға септесетін үлкен жобалардың бірі. Мемлекет басшысы үстіміздегі жылғы “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында бюджеттің қарымы жете бермейтін, әсіресе, маңызы зор әлеуметтік жобаларға жеке бизнесті тарту қажеттігін айтқан болатын.

Страница 9 из 167