Солтүстік Қазақстан газеті

Экономика

КЕПІЛДЕНГЕН КӨЛЕМ ТАПСЫРЫСЫ

Печать PDF

Облыстық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің басын қосып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне тапсырыс беру тәртібін түсіндіруге арналған “дөңгелек үстел” өткізді.

argaiv1900

БІЛІКТІ ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

Печать PDF

“Петропавл ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамы – өңіріміздегі іргелі ұжымдардың бірі. Ғасырға жуық тарихы бар кәсіпорын мұнай өндіру мен өңдеуге қажетті қондырғылар және құралдар шығарумен айналысады. Энергетика, жүк көтеру, темір жол салаларының да тапсырыстарын орындайды. Шығаратын өнімдері елімізде ғана емес, шет мемлекеттерде де сұранысқа ие. Биыл кәсіпорын Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының үлкен тапсырысын орындаған. Өткен жылдың қорытындысында зауыт жалпы құны 4 миллиард теңгенің тауарын шығарса, биыл өндіріс көлемін екі есе арттыру көзделіп отыр. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген әрі мамандары білікті кәсіпорын үшін – бұл еңсерілетін жоспар.

ТАБЫСТЫ БЕС ЖЫЛ

Печать PDF

Бүгінде облыс орталығында қалаішілік 24 автобус бағыты бар. Жолаушылар тасымалымен айналысатын 10 жеке тасымалдаушының түрлі маркалы 346 автобусы таңнан кешке дейін тұрғындарды мақсатты жеріне жеткізіп, шаһардың барлық шағынаудандары мен кенттеріне қатынайды. Көлік қызметкерлері күні қарсаңында тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп, жолаушылардың сенімінен шығып жүрген “Құсайынов Б.С.” жеке кәсіпкерлігінің жұмысын атап өтуге болады.

САЛА ҮЗДІКТЕРІНЕ — МАРАПАТ

Печать PDF

Облыстағы көлік саласының қызметкерлері төл мерекелері қарсаңында құрметке бөленді. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбектің қатысуымен өткен алқалы жиында көп жылдар бойы жемісті еңбек етіп, өңіріміздегі жолаушылар тасымалы саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген қызметкерлер марапатталды.

БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

Печать PDF

“Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасының қабылданғанына жарты жыл болды. Осы уақыттың ішінде не жасалды? Қанша баспана пайдалануға берілді? Жеңілдетілген ипотека кімге және қалай беріледі? Бағдарламаның тағы бір маңызды бағыты – жеке тұрғын үйлерді салу үшін жер телімдері қай аймақта көптеп таратылады?

САЛЫМШЫЛАР ӨЗДЕРІ ТАҢДАЙДЫ

Печать PDF

“Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” акционерлік қоғамы 2017 жылдың 1 тамызынан бастап бұрынғы қолданыстағы тарифтік бағдарламалардың барлығын бір бағдарламаға біріктіруді қолға алды. Енді “Бастау”, “Өркен”, “Кемел” және “Болашақ” төрт бағдарламаның орнын – “Баспана” атты бірыңғай тарифтік бағдарлама басатын болады.

Страница 6 из 167