Солтүстік Қазақстан газеті

Экономика

Күз сыйы — арзан көкөніс

Печать PDF

Тамыз ай ы ортасынан ауып, күз мезгілі жақындап қалды. Жаз жеміс-жидек пен көкөністің нағыз пісетін шағы. Адамдардың мол әрі арзан тағамдарды жеп, ағзасын дәрумендерге байытып алатын кез. Биылғы жаздың ауа райы кейбір жеміс-жидек пен көкөніске қолайлы болды. Әсіресе, қойбүлдірген молынан шықты. Қыстың қамын ойлағандар тосабын жасап, кейбіреулер жидекті шелектеп сатып, әркім мүмкіндігінше өз шаруасын тындырды.

argaiv1977

Жылыту маусымына дайындық ойдағыдай

Печать PDF

Табиғаты қатал өңір тұрғындары үшін келе жатқан қыс маусымының сын болары анық. Бір қуантарлығы – Петропавл қаласындағы “СевКазЭнерго” АҚ-ы 2017-2018 жылу беру маусымына дайындықты ойдағыдай жүргізуде.

ЖІГЕРЛІ ЖІГІТТЕР

Печать PDF

Өңіріміздің құрылыс саласында өз орны бар “Мирас Group“ жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қырыққа жуық адам табысты еңбек етуде. Құрылыс компаниясының темірден түйін түйетін әр еңбеккерін шеберлердің қатарына жатқызуға болады. Үлкен ұжымда ағалыінілідей болып кеткен Олжас Жәкенов пен Рахат Беспаев еңбек жолындағы қадамдарын бірге бастаған. Қалайы мен қаңылтырдан бұйымдар жасайтын ұсталық өнерді меңгерген жастар бірнеше жыл қатарынан серіктестіктің құрылыс нысандарында өндірістік тәжірибеден өтіп, өздерін жақсы қырларынан таныта білген. Қолдарына дипломдары тигеннен соң таныс мекемеге жұмысқа орналасқан жас мамандар колледжде алған теориялық білімдерін іс жүзінде дәлелдеуде. Серіктестік басшылығының сенімінен шыға білген олар жартыжылдан бері қаңылтыршы болып табысты еңбек етуде.

БЕРЕШЕК ШАШ ЕТЕКТЕН

Печать PDF

Облыс орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлерге жылу есептегіш құралдарын орнатуға ел қазынасынан 386 миллион 828 мың теңге бөлініп, 537 аспап сатып алынған. Алайда, олардың 190-ы ғана жұмыс істеп тұр.

САЛЫҚҚА САЛҒЫРТТЫҚ САН СОҚТЫРМАСЫН

Печать PDF

Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік аудит нысандарының тізіміне сәйкес 39 нысанда он аудиторлық іс-шара жүргізілді. Оның – 34-і мемлекеттік мекеме, 5-еуі квази-мемлекеттік сектор нысаны болып табылады.

Әкелі-балалы дәнекерлеушілер

Печать PDF

“Партнер-Авто” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорын. Қала ішінде, бірнеше елді мекенге жолаушылар тасумен айналысатын кәсіпорын бір жүзден аса адамды жұмыспен қамтып отыр. Серіктестік басшысы Болат Рақымов – көліктердің техникалық ахуалына үлкен мән беретін кәсіпкер. Өйткені, көлік бұзылып қалса, оның табысқа тигізетін залалы өз алдына, ең бастысы, жүру кестесінің жиілігі бұзылып, қызмет көрсету сапасы төмендейді. Сондықтан кәсіпкер білікті де тәжірибелі жөндеушілерден арнайы бригада құрған.

Страница 3 из 167