Солтүстік Қазақстан газеті

Экономика

ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ

Печать PDF
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен өңірлік кеңестің кеңейтілген отырысына қатысты. Жиын барысында отандық тауар өндірушілерді қолдау, экспортқа бағытталған өндірістің маңыздылығы және ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды.

ЗЕЙНЕТІҢЕ ҚОР ЖИНА, ҚОР ЖИНАСАҢ МОЛ ЖИНА!

Печать PDF

Адам баласы мақсатсыз өмір сүре алмайды ғой. Күнделікті өмірде әртүрлі жағдайға байланысты жоспарлар құратынымыз рас. Мысалы, білім алуды, еңбек етуді, той жасауды, балалардың туған күнін өткізуді, еңбек демалысына шығуды, үй немесе көлік сатып алуды жоспарлаймыз. Әрине, олардың бірі жүзеге асса, кейбіреуі орындалмай жатады.

argaiv1962

ӨРІСІ КЕҢЕЙГЕН ӨНДІРІС

Печать PDF
Мұндай кәсіпорын жайлы сөз болғанда ғасыр тоғысындағы ауыртпалығы жанға батқан жылдардан аттап өтіп кете алмайсың. “Көппен көрген ұлы той” демекші, ол кездердің қиыншылығын тартқандар шын мәнінде аз болған жоқ. “Жұнысов Б.Н.” жеке кәсіпкерлігінің құрылғанына 17 жылдан аса уақыт өтіпті. Сол екі мыңыншы жылдарды еске алсақ, осындай ұжымдарды басқаратын жандар тығырықтан қалай шығу керектігін ойлап, сергелдеңге түскен, әркім үшін ертеңгі күніңе алаңдайтын сындарлы кез болатын.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ЖЕМІСІ

Печать PDF

“Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастырған баспасөз туры барысында журналистер инвестициялық бағдарламаның орындалуы және күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Оған журналистермен бірге жергілікті мәслихат депутаттары, қалалық әкімдіктің, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының, облыстық кәсіпкерлер палатасының, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының өкілдері, сараптама кеңесінің мүшелері қатысты.

ҚАЛДЫҚСЫЗ ӨНДІРІС

Печать PDF

Биылғы көктемнен Аққайың ауданындағы Тоқшын ауылдық округінде шере (фанера) өндірісімен айналысатын нысан бой көтеруде. Жаңа кәсіпорын Тоқшын ауылының шығыс жағында орналасқан бұрынғы май зауытының алаңында салынып жатыр. “Қазақстан Шере Компаниясы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұрдос Ержігіт кәсіпорынның атқаратын жұмыстарымен таныстырып, жоспарларымен бөлісті.

ҚАЗАҚ АСТЫҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ЗОР

Печать PDF

Қазақстан әлемдегі астық экспорттаушы елдердің алдыңғы қатарына кіреді. Қазақтың құнарлы топырағынан нәр алып өскен табиғи таза өнім әр кез сұранысқа ие. Жер шары тұрғындарының саны артқан сайын азық-түлікке деген тапшылық байқалып қалуда. Әсіресе, миллиардтан астам халқы бар Қытай елінің нарығын түбі жоқ шелекке теңеуге болар.

Страница 1 из 167