Солтүстік Қазақстан газеті

Саясат

ЕГЕМЕНДІК пен ТҰРАҚТЫЛЫҚ – НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ШЕШКЕН ЕКІ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕ

Печать PDF
Нұрсайын ШӘРІП,
“Солтүстік Қазақстан”.

Биылғы Тәуелсіздіктің 21-ші жылы тарихқа тұрақтылық пен өркендеу жылы болып енді. Қазақстан өрлеу үстінде. Осының өзі еліміз өткен сындарлы жолды тағы да еске түсіруді, осы тарихи үдерісте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай рөл атқарғандығын пайымдауды қажет етеді.
ХХ ғасыр дүниежүзі тарихына жаңа мемлекеттер құрған саясаткерлерді сыйлады. Үндістан Республикасының пайда болуы мен дамуы Махатма Ганди мен Джавахарлал Неру, Түрік Республикасы Мұстафа Кемал Ататүрік, Қытай Халық Республикасы Дэн Сяопин есімдерімен тығыз байланысты.
“Үшінші әлем” мемлекеттері ғана емес, Еуропа мен Американың “Ескі демократиялы” елдері де ХХ жүзжылдықта өз Отанына жаңа өмір сыйлаған шын мәнінде ерекше дарынды саясаткерлерді көрді. Оларға АҚШ-тағы Франклин Рузвельтті, Франциядағы Шарль де Голльді жатқызуға болады. Осы ұлы тұлғалардың қатарына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты да заңды түрде қоса аламыз.
ТМД елдерінде әртүрлі адамдар жаңа тәуелсіз мемлекеттердің бірінші тұлғалары болып көрді. Солардың ішінен Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті тиімді басқару стилімен бөле-жара ерекшеленеді.
Ақиқатын айтқанда, кеңестік дәуірден Қазақстанға азып-тозған шикізатты экономика, шиеленіскен әлеуметтік мәселелер, сырттай қауіп төндіретін жағдайлар, Қазақстан шекарасының өн-бойында дау туғызарлық аймақтар мұра болып қалған еді. Жас тәуелсіз мемлекеттің алдында шешуі қиын мәселелер кешені тұрды.
Міндеттердің бірінші тобы “кеңестік мұраға” байланысты халықаралық тану мен реттеу мәселелеріне байланысты болды. 1992 жылы Қазақстан БҰҰ-ға қабылданды. Содан кейін республика бірқатар халықаралық ұйымдардың мүшесіне және тіпті, бастамашысына айналды. 1996 жылы Қазақстан “Шанхай бестігі” бастамашыларының бірі болды, соның нәтижесінде Еуразияда өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті тетігі болып табылатын ШЫҰ жұмыс істей бастады. Президент бастамасымен Азияда өзара іс-әрекет ету және сенім шарасы бойынша кеңес құрылды.
Қазақстан аумағындағы кеңестік ядролық қарудың алдағы уақыттағы тағдыры аса маңызды мәселе болатын. КСРО тарағаннан кейінгі халықаралық жағдайдың тұрақсыздығында ядролық қаруды иелену, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің жекелеген басшыларына сырттай қол сұғу мүмкіндігінен қорғанудың кепілдігі болып көрінді. Бірақ Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұзақмерзімді халықаралық саясатта ядролық қару иелену Қазақстан үшін қауіпсіздік кепілінен гөрі қауіпқатерге айналатынын түсінді. Еліміз әлемдегі ірі ядролық державалардың қатарында болуды қаламады.
Елбасының Қазақстанның күш-қуаты жаппай қырып жоятын қаруды иеленуде емес, адамгершілік беделде екенін жақсы түсінді. Бұл жағдайда Қазақстанның ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы, республикамызға ядролық қарусыз мемлекет мәртебесін беру Қазақстанды әлсіретпейтін еді.
Ондай жауапты қадам жасау үшін көшбасшыға әдеттен тыс ерік, сабырлылық, мемлекеттік ақыл-ой, ішкі түйсік қажет болатын. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекет болуын оның және қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін шығынсыз болатындай етіп кезең-кезеңмен шешуді жүзеге асырды. Бұл жағдайда Президентіміз өз елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың тағдырына жауапкершілікті мойнына алған әлемдік деңгейдегі саясаткер ретінде іс-әрекет етті.
Тәуелсіздік жариялай сала Қазақстанның алдында тұрған міндеттердің екінші тобы бұрынғы Кеңес Одағын жайлаған келеңсіз жағдайларды жоюға байланысты еді. Бірінші кезекте экстремизмнің өрістеуіне, этникалық және діни негізде даулардың тууына жол бермеу аса маңызды болды. Бұл өте қиын міндеттін. Көрші Қырғызстан мен Өзбекстанда жағдай ушығып тұрды. Тәжікстанда, тек Нұрсұлтан Назарбаевтың дипломатиялық күш салуымен 1999 жылы ғана тоқтаған азамат соғысы жүріп жатты. Грузия мен Молдавияда да қақтығыстар орын алды. Армения мен Әзірбайжан Қарабах үшін қырқысып жатты.
Тұрғындардың көпқырлы конфессиялық және этникалық сипаты бойынша Қазақстан осындай жағдайда ТМД кеңістігінде тұрақтылықтың айнымас аралына айналды. Бұл саясаткерлер басын қатырған, ХХ және ХХІ ғасырларды зерттеумен айналысатын тарихшылар үнемі айтып жүретін ғажайып болды.
Бұл жағдайда бірінші кезекте ТМД мемлекеттерінің бірде-бірін айналып өтпеген қауіптен жас мемлекетті арашалап алып қалған Қазақстан Президентінің шешуші рөлін атап айтуымыз керек.
Қазақстан Президентін бірінші рет сайлау кезінде 1991 жылы желтоқсанда халық сол кездегі қиын мәселелерді шешудің үмітін Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырып, өз тағдырларын оған бірауыздан сеніп тапсырды. Ал Мемлекет басшысы өз халқының үмітін толығымен ақтады, ол Қазақстанда өткен кейінгі сайлаулардың нәтижесінде де көрініс тапты.
Елбасымыз жас мемлекетімізді нығайтты, оның егемендігін, тұрақтылығын және дамуын қамтамасыз етті. Сондықтан Қазақстанда қандай да бір “түрлі түсті революциялар” үшін жағдай жоқ.
ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао атап айтқандай, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді басшылығы арқасында “Қазақстанда бүгін мықты саяси тұрақтылық, орнықты әлеуметтік-экономикалық даму және халықаралық аренада ел беделінің тұрақты нығаюы байқалып отыр”.
Нұрсұлтан Назарбаев жас мемлекеттің екі күрделі мәселесі – егемендікті қамтамасыз ету мен тұрақты саяси жүйені қалыптастыруды осылай шешті.

БЕЛАРУСЬ ЕЛІНДЕ БОЛЫП ҚАЙТТЫҚ

Печать PDF

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл

argaiv1977

Қыркүйек айының 24-27-сі аралығында облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен бюджеттік бағдарлама бойынша солтүстікқазақстандық 10 кәсіпорынның қызметкерлері іскерлік байланыспен Минск қаласына сапарлап қайтты.
Осы іс-шара шеңберінде Қазақстан және Беларусь елдерінің кәсіпкерлері арасында келіссөздер ұйымдастырылып, оған екі елдің елшіліктерінің өкілдері қатысты. Онда 232 кездесу болды.
Сондай-ақ қазақстандық делегация Беларусь әмбебап тауар биржасына, “Белинтертранс” көлік-логистикалық орталығына барып, олардың жұмысымен танысты. Ал мәдени-танымдық бағдарлама аясында Минск қаласына экскурсия жасалып, “Дудутки” халық шығармашылығы мұражайы тамашаланды. Бұл сапар солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер үшін іскерлік байланысты нығайтумен қатар, тәжірибе алмасу және елдің тыныс-тіршілігімен танысу мүмкіндігін тудырды.

“Фирма Петропавловск-Экспертиза” ЖШС-нің
баспасөз қызметі.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ — жаһандану әлеміндегі еліміздің жарқын бренді

Печать PDF

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл

Нұрсайын ШӘРІП,
“Солтүстік Қазақстан”.

Биыл Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне және дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдерімен дипломатиялық қатынас орнатқанына 20 жыл толады. Осы жылдар ішінде Қазақстан сыртқы саясатта орасан жетістіктерге қол жеткізді. Ол – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей еңбегі.

Страница 109 из 109