Солтүстік Қазақстан газеті

Саясат

Шыңда шырқалған Әнұран

Печать PDF

Мемлекеттік рәміздерді қабылдау процесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше болды. Мемлекеттік Әнұран мәтініне жекелеген түзетулер енгізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біріктірілген авторлық ұжымның құрамына кірді. Мемлекет басшысы терминдердің қазақ тілінде пайдаланылуына көңіл аударды. Оның бастамасы бойынша “елтаңба”, “әнұран”, “нышан”, “рәміз” сияқты ресми терминдер енгізілген.

argaiv1977

Айбынымызды асыратын еліміздің мемлекеттік рәміздерін жергілікті жерлерде ұлықтап, құрметтеудің маңызы зор

Печать PDF

4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні ретінде өңірде жыл сайын асқақ патриоттық сезіммен атап өтіледі. Мерейлі мерекеге арналған игілікті шараның бірі – Инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаментінде “Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздеріне – 25 жыл” тақырыбында өтті. Онда айбынымызды асырып, рухымызды қанаттандыратын осынау қасиетті құндылықтарымыздың шығу тарихымен қатар мән-мағынасын өскелең ұрпаққа ұқтырудың, көздің қарашығындай қастерлеудің жайы сөз болды.

ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНЫ

Печать PDF

1992 жылдың 4 маусымы еліміздің тарихына Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің қабылданған күні ретінде енді. Үстіміздегі жылы біз еліміз үшін айтулы оқиға ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына ширек ғасыр толуын атап өтеміз. Тәуелсіздікпен бірге қайта түлеген ұлттық рухымыз, мызғымас бірлігіміз, асқақ арманымыз – бәрі де осы рәміздерде көрініс тапқан. Қазақстан байрақты бәсекелер мен алқалы жиындарда күн астында қыраны қалықтаған көк Туымен, ерекше Елтаңбасымен, жан тебірентер Әнұранымен танылып келеді. Бұл – барша қазақстандықтар үшін мақтаныш.

ДӘРІГЕР ТАПШЫЛЫҒЫ ӘЛІ ДЕ ӨЗЕКТІ

Печать PDF

 Бүгінгі таңда өңіріміздегі емдеу мекемелеріне 316 дәрігер жетіспейді. Әсіресе, педиатр, лор, окулист, клиникалық фармоколог сияқты салалық мамандар тапшы. Ал өңірімізде қан айналымы жүйесі аурулары бойынша өлім-жітім саны республикалық көрсеткіштен 60 пайызға жоғары.

ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Печать PDF

 

Өңіріміздің әр саласында алдыңғы қатардан көрініп жүрген жастар кеше облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен кездесіп, Назарбаев Зияткерлік мектебінде емен-жарқын әңгіме өрбітті. Кездесу барысында жастар өз ойларымен, алға қойған мақсаттарымен, жеткен жетістіктерінің сырымен бөлісіп, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

“НҰРЛЫ ЖЕР” — ТИІМДІ БАҒДАРЛАМА

Печать PDF

 

 Бүгіндері облыс орталығында 13 мыңнан астам адам жеке баспана алу үшін кезекте тұр. Соңғы төрт жылдың ішінде 955 пәтер пайдалануға берілсе, үстіміздегі жылы облыс орталығында “Нұрлы жер” бағдарламасы шеңберінде 1003 пәтерлік 11 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сөйтіп, төрт жылдың межесі бірден орындалмақ. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасының өңірімізде жүзеге асырылуы барысын талқылаған отырыста айтылды.

Страница 10 из 109