Солтүстік Қазақстан газеті

АБОНЕНТТЕР САНЫ – 8,8 млн. АДАМ

Печать PDF

Beeline Қазақстан компаниясының абоненттерінің саны 8,8 млн. дейін өсті, клиенттердің көбірек сөйлесуі және Интернетті пайдалануы жоғарылады, компания қызметтері бағасының орташа деңгейі төмендеді.

argaiv1259

 

2013 жылы 2 тоқсанда оператор белсенді абоненттер санын өткен жылғы баламалы кезеңмен салыстырғанда 3,5%-ға арттырды.

Бір клиенттің бір айда сөйлескен минуттарының орташа көлемі (MOU) 42% жоғарылап, 2012 жылғы 2 тоқсандағы 211 минутпен салыстырғанда 300 минутты құрады.

Мобильді Интернет сегментіндегі лимитсіздік ұсыныстарының іске қосылуының нәтижесінде трафик көлемі айтарлықтай өсіп, 118%-ды құрады, 2012 жылғы 2 тоқсанда бұл көрсеткіш 58 Мб болса, 2013 жылғы 2 тоқсанда 127 Мб-ға дейін жетті.

Бұл өсу қарқыны Beeline Қазақстан желісіндегі минуттардың орташа бағасының (APPM) төмендеуіне негіз болды, бұл көрсеткіш 2012 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 37%, яғни 4,33 теңгеге дейін төмендеді.

Оператор қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетті. 2012 жылғы екінші тоқсанмен салыстырғанда компанияның жалпы табысы 1,8% өсті, ал EBITDA көрсеткіші – 3,7%-ға артты.  


I. ТАБЫС


Beeline Қазақстан компаниясының жалпы табысы 2013 жылғы 2 тоқсанда 31,3 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,8% жоғары.

Дыбыстық және Интернет трафиктердің аясындағы абоненттердің орташа есебі (ARPU) 3,17%-ға арзандады, бұл өз кезегінде компанияның лимитсіздік ұсыныстарының танымалдылығы артқанын білдіреді.


ІІ. ПАЙДАЛЫЛЫҚ


EBITDA көрсеткіші 2013 жылғы 2 тоқсанда 14991 млн. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2012 жылғы 2 тоқсанға қарағанда 3,7% жоғары. Бизнестің маржиналдылық деңгейі өсуде – 2012 жылғы 2 тоқсанға қарағанда шоғырландырылған маржа EBITDA 0,9 п.п өсті. Пайдалылық деңгейінің өсуі табыстың өсуіне, абоненттік базасының оңтайлы динамикасына және операционды тиімділік бағдарламасын енгізудің жағымды әсеріне негізделген.


ІІІ. АБОНЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ҰСЫНЫС

Мобильді дыбыстық телефония


Үстіміздегі жылдың мамыр айында оператор “Толайым минуттар” жаңа бастамасын ұсынды. Абонент бұл қызметті қосқан жағдайда сөйлесудің бір минуты үшін 5,75 теңге (120 минут топтамасында) және 5,5 теңге (180 минут топтамасында) төлейді. Минуттар топтамасы тек “Beeline” желісі ішіндегі қоңырауларға, сондай-ақ ДОС абоненттеріне соғылған қоңырауларға пайдаланылады.

Белсенді саяхатшылар үшін Beeline қазақстан жаңа “Супер виза” қызметін ұсынды. Бұл қызмет клиенттерге қазақстандық нөмірлердің және келген еліндегі нөмірлердің кіріс және шығыс қоңырауларына ҚҚС-пен қоса 300 теңге төлей отырып, күн сайын хабарласуға 20 минут ұсынады. Қызметті Ресей, Украина, Армения, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Италия елдеріндегі “Beeline” әріптестерінің желісінде пайдалануға болады.

Мобильді Интернет

Компания мобильді Интернет қызметтерінің қатарын жаңартты. Клиенттер айлық автотоптамаларды және әр күнге лимитсіздік үлгілерін – Start, Light, PRO, сондай-ақ күндік абоненттік төлемі жоқ лимитсіз амал-шарттарының қатарын, яғни “Ыңғайлы лимитсіздік” қызметін таңдай алады.

Үйдегі Интернет

“Beeline” ұсынған сымды Интернетті еліміздегі 171 мыңнан астам үй шаруашылығының пайдалануы “Үйдегі Интернет” қызметінің танымалдылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Қызметті пайдаланушылар санының 2012 жылғы екінші тоқсанмен салыстырғанда 73,9% өсуі, табыстың шамамен екі есеге – 99,2%-ға артуына жеткізді.

Клиенттерге қызмет көрсету

Көрсетілетін қызметтің сапасы – Beeline Қазақстан жұмысының негізгі сиқыры. Компания “Beeline” клиенттеріне көрсетілетін қызметтің сапасын, жылдамдығын және ыңғайлылығын тұрақты түрде тексеріп отырады. 2013 жылғы 2 тоқсанда бұл көрсеткіш 0,9% жоғарылады, яғни call орталығына хабарласқан клиенттердің 89,3%-ы оператордың жұмысын “үздік” деп бағалады.


IV. ЖЕЛІНІҢ ДАМУЫНА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ

Алматы және Ақтөбе қалаларындағы қолданыстағы желіні қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Бұл әрекеттің негізгі міндеті – 2G және 3G желілері қондырғыларының өзара жұмысын жақсарту, дауысты және мәліметтерді жолдау сапасын арттыру және халық тығыз қоныстанған қалаларда желіге қол жеткізу мүмкінділігін арттыру болып табылады. Бүгінгі таңда 2G желісіне Қазақстан халқының 91%-ы қол жеткізе алады, ал 3G желісіне еліміздің 30 елді мекенінде қосылуға болады.


Beeline Қазақстан компаниясының қоғаммен байланыс қызметі.

 

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау