Солтүстік Қазақстан газеті

ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІ ТЫС ҚАЛМАДЫ

Печать PDF

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл

argaiv1322

Бұрнағы күні Петропавлда былтыр ашылған ЕС-164/6 түзеу мекемесінде, яғни әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқандар Қазақстан халқы тілдері фестивалінен сырт қалмай, мәдени іс-шара өткізді.
Сайыс барысында мекемедегі әйелдердің дені өнерлі екендігін дәлелдеп, сахнада ән салып, би биледі. Ал фестивальдың негізгі бөлімінде қыз ұзату, келін түсіру секілді халқымыздың салт-дәстүрлерінен үзінділер келтірілді. Сондай-ақ әр халықтың ұлттық тағамдарынан дәм ұсынылып, ұлттық киімдер тамашаланды. Бір айта кетерлігі, шараға арнайы әзірленген ұлттық киімдерді жазасын өтеуші келіншектер өз қолдарымен тігіпті. Он саусағынан өнер тамған шеберлердің қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдары көрмесі көрермен көңілінен шықты.
Баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған концерттік бағдарлама кешті шырайландыра түсті.

ЕС-164/6 түзеу мекемесінің баспасөз қызметі.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау