Петропавлда өртте құтқару спорты бойынша облыстық чемпионат өтіп жатыр.
Биылғы жарыс облыс орталығындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің командирі болған Алтынбек Әбрахмановты еске алуға арналды. Ол «Береке» шағынауданында бір үйде шыққан өртті сөндіру кезінде қаза тапқан болатын.
Дәстүрлі жарысқа облыстың барлық өңірлерінен келген 100-ден астам құтқарушылар екі күн бойы күштерін, ептіліктерін, жылдамдықтарын сынайды.
< Алдыңғы | Келесі > |
---|