Солтүстік Қазақстан газеті

ШЕБЕРЛІК СЫНАЛАР СӘТ

Печать PDF

Дала төсі дүбірге толы бүгінгі таңда егіншінің таңы ерте атады. Тайынша ауданындағы ірі агроқұрылым – “Агрофирма Эксимнан” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде он бес жылдан бері еңбек көрігін қыздырып келе жатқан тәжірибелі диқан Ербол Тілепбергенов те бұл күндері уақытпен санасуды білмейді.

argaiv1208

Осыдан екі жыл бұрын өз ісіне жауапты маманға жаңа “Sampo Asia” комбайны сеніп тапсырылған еді. Озат механизатордың айтуынша, онымен бір тәулікте 200-300 гектар жердің егінін дестелеуге болады.

Үстіміздегі жылдың көктемінде 25 мың гектар алқапқа дән сіңірген серіктестік диқандары ауа райы қолайлы болып тұрған бүгінгі таңда ширақ қимылдап, күзгі жиын-терімді неғұрлым қысқа мерзімде аяқтап шығу үшін жан аямай еңбек етуде. “Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда” дегендей, Ербол Тілепбергенов те көш бастаушылар сапында келеді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Комментарии   

 
0 #1 Сая 20.09.2017 15:15
Иә, күз – нағыз қарбалас шақ. Диқандар бел шешіп, тізе бүкпей еңбек етіп жатыр. Алтын дәнді ысырапсыз жинап алу оңай емес. Менің айтайын дегенім, өңір басшысы аудандарға сапарында ауыл шаруашылығы саласы мамандарының еңбекақысын көтеру қажеттігін міндеттеді. Шынымен де, облысымыздағы ірі агроқұрылымдард ың өзінде жұмысшылардың жалақысы мардымсыз. Әкім мырза осы мәселені аяғына дейін жеткізсе екен.
Цитировать
 

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау