Солтүстік Қазақстан газеті

ЖАС БУЫНҒА — ІЗГІ ТІЛЕК

Печать PDF

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да “Жастар – болашақ энергиясы” атты жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты шара өтті. Аталған шараға университеттің басшылары, оқытушылар мен студенттер және қонақтар қатысты. Жиналғандарды білім күнімен университет ректорының міндетін атқарушы Айдос Мұқатаев құттықтады.

argaiv1087

Құрылғанына биыл 80 жыл толған оқу ордасында білім алушылардың қатарына екі мыңға жуық жаңа толқын келіп қосылды. Олардың арасында 13 – “Алтын белгі” иегері, 580 – мемлекеттік грант иегері және “Серпін – 2050” мемлекеттік бағдарламасы бойынша келген 282 студент бар. Университетке студенттермен қатар жаңа менеджерлер де келіп қосылды. Олар: интернационалдандыру жөніндегі проректор, професссор, философия докторы, Түркия елінің азаматы Орхан Сойлемез және ғылым департаментінің жетекшісі, аналитикалық химия докторы, бұрын Болгариядағы София химия-технологиялық және металлургиялық университетінде жұмыс істеген Андриана Сурлева.

Білім күні дәстүрге сай академик Манаш Қозыбаевтың ескеркішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты. Бұл рәсімді атқару еңбек ардагері, СҚМУ ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсылық Ғалиевқа, білім беру ісінің құрметті қызметкері Зинаида Табаковаға, еңбек ардагері, СҚМУ-дің профессоры Қасия Қанғожинаға және үздік студенттердің бірі Богдан Петровқа жүктелді.

Университеттің ардагерлері студенттерге ақылдарын айтып, оларды алдағы уақытта оқу озаты болып, университеттің шығармашылық және қоғамдық өміріне белсенді түрде араласуға шақырды. Ал білім алушылар өздеріне қойылған сенімді ақтайтындарын айтып, ант берді. Шара флешмобқа ұласып, концерттік бағдарламамен аяқталды.

Айжан ЖҰРНАШ,

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің магистранты.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау