Солтүстік Қазақстан газеті

ЖАҢАШЫЛДАРДЫҢ ЖОЛЫ КЕҢ

Печать PDF

Ұлы ойшыл Жүсіпбeк Aймaуытов: “Сaбaқ бeру үйрeншікті жaй ғaнa шeбeрлік eмeс, ол – жaңaдaн жaңaны тaбaтын өнeр”, – дeгeн eкeн. Қaзіргі білім бeру сaлaсындaғы оқытудың озық пeдaгогикaлық тәсілдeрін мeңгeрмeй, сaуaтты жaн-жaқты мaмaн болу мүмкін eмeс. Жaңa тәсілдeрді мeңгeру мұғaлімдeрдің интeллeктуaлдық, кәсіптік, aдaмгeршілік, рухaни, aдaми кeлбeтінің қaлыптaсуынa әсeрін тигізeді, өзін-өзі дaмытып, оқу-тәрбиe үрдісін тиімді пaйдaлaнуғa көмeктeсeді. Жaс ұрпaққa білім мeн тәлім бeрудің сaн жолы, көп қыры бaр. Елбасының “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Қазақстан халқына Жолдауы, “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” тақырыбындағы бағдарламалық мақаласы еліміздің білім беру жүйесі алдындағы міндеттер мен ұстаздарға жүктелетін жауапкершілікті одан әрі еселей түсті. “Елдің келешегі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында”, – деп Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр. Қазіргі заман оқушыларына қойылатын талап та өте жоғары. Олар өз бетімен өмір сүре алуы және кәсіби қызметке шығармашылық тұрғыдан дайын болуы керек.

argaiv1682

Жаңашылдықты басшылыққа алған біздің білім ордамыз оқушыларға тәлім-тәрбие беру үшін, ең алдымен, ұстаздың біліктілігін арттыруды мақсат еткендіктен, осы бағытта әртүрлі шаралар өткізіп тұрады. 2012 жылдан мектебімізде оқу үдерісіне оқытудың 7 модулі белсенді түрде енгізілген. Бүгінгі күні мектепте және ауданда “Шаңырақ” жүйелік қауымдастығы жұмыс істейді. Мектепте жүйелік қауымдастыққа бірінші деңгейлі мұғалімдердің басшылығымен 4 фокустоп кіреді. Фокустоптармен коучингтер, тренингтер, “Lesson Study” және “Mentoring” өткізілген. Мұғалімдердің 45 пайызы “Биоақпараттану және Синергетика” алгоритм технологиясы бойынша білімдерін жетілдіріп, сабақтарында “БиС” технологиясын пайдаланады.

Биыл Ұлт жоспарын және Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жаңа білім беру мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстары жалғасын табады. Осы мақсатта он екі мұғаліміміз жаңартылған білім мазмұны бағытымен біліктіліктерін арттырды.

Білім беру бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін 54 жабдықталған оқу кабинеті жұмыс істейді. Барлық оқу кабинеттері әсем безендірілген, интернет жүйесіне шығатын компьютерлік техникамен жабдықталған, паспорты және даму бағдарламалары бар. Мектеп-гимназияда “Umbrella” өндірісінің 6 бейнекамерасы орнатылған. Жалпы оқу қоры есебінен тегін ыстық тамақ ұйымдастырылған. Көпбалалы, аз қамтылған отбасылар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар тегін тамақтанады.

Жекелеген пәндерді үш тілде оқытуға көшу мақсатында ұстазымыз Гүлнәр Мырзабаева физика пәнін ағылшын тілінде оқытудың қанатқақты жобасына қатысуда. Оқушылардың ғылыми-шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру, ғылымға қызығушылықтарын дамыту мақсатындағы жыл сайын атқарылған жұмыстар нәтижесінде жаңа серпілістер байқалды.

Өткен оқу жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматының енгізілуімен мемлекеттік мектеп бітіру емтиханы (қорытынды аттестаттау) және жоғары оқу орнына түсу емтиханы (ҰБТ) болып екі кезеңге бөлінді. Кезең-кезеңмен өтетін осы маңызды шараның алғашқысы – мектеп бітіру емтиханының нәтижесі бойынша “Алтын белгіден” үміткер 2 оқушымыз Тамерлан Амандықов пен Мадинат Молдыбаева, “Ерекше аттестаттан” үміткерлер Ербол Шаймерденов пен Сергей Крупка өз білім деңгейлерін дәлелдеді. Сондай-ақ, 15 оқушымыз жоғары оқу орнына грантқа түссе, бес бала ақылы түрде, ал үш шәкіртіміз колледжде білімдерін шыңдайтын болады.

Гимназияның негізгі мақсаты бұл білім беру саласында сабақтастық пен үздіксіздікті қамтамасыз ету. Ол үшін мектепте барлық мүмкіндіктер бар. “Балапан” бағдарламасы бойынша 2010 жылы “Таңшолпан” шағын орталығы ашылды. Аталмыш бағдарлама аясында “Звездочки” кіші топ, “Бабочки” ортаншы топ, “Мультяшки” аға тобы жұмыс істеп, 45 балғын тәрбие алуда. Бұл бағытта жаңа үлгідегі жабдықтармен және ойыншықтармен, оқулықтармен жабдықталған кабинеттерде сәбилерге Надежда Трапезникова, Ольга Шиленина, Андрей Козел, Айгүл Алғазина сынды жоғары білімді тәрбиешілер білім мен тәрбие нәрін сіңіруде.

Білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі – оқушыларды сабақтан тыс уақытта қосымша білім берумен қамтамасыз ету. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру – қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. 2003 жылдан бері “Альтернатива” дебаттық клубы жұмыс істейді. Жетекшісі – жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі Надежда Гавришевская. Клубқа қатысушылар ауданда өткізілетін дебаттық шараларға белсене қатысады. 52 қатысушысы бар дебаттық клубта жарыстар, семинарлар мен тренингтер өткізіліп тұрады.

“Жыл оқушысы” байқауы өткізіледі. Рейтингте оқу және спорттық жетістіктері, мектеп, аудан және облыс деңгейінде жарыстарға қатысқандығы есептеледі. Әр тоқсанның аяғында ең үздік оқушылар анықталады. Оқу жылының соңында “Жыл оқушысы” байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаз мектепішілік мерекеде салтанатты түрде марапатталады.

Сондай-ақ, жоғары санатты география пәнінің мұғалімі Василий Захарчуктің жетекшілігімен “Не? Қайда? Қашан?” зияткерлік клубы жұмыс істейді. Клубтың жарғысы, әнұраны және рәмізі бар. Жыл бойы 5 клуб отырысы өткізіледі. Әр ойын белгілі бір тақырыпқа арналады. Жеңімпаз ауыспалы кубокқа ие болады. Ойын оқушылардың жұмыс істеуге логикалық, стандартты емес ойлау, тәуелсіз ойлау, ынтымақтасу мүмкіндіктерін дамытады. Әртүрлі тақырыптарда өткізілетін “Блиц-турнир”, “Бақытты сәт” зияткерлік ойындарына мектептің барлық оқушылары қатысып, білімдерін толықтырады. Сонымен қатар Қазақстанның Тәуелсіздігіне арналған “Тілдер күні”, “Ұлттық валюта күні”, “Қазақстан халқы Ассамблеясы”, “Мемлекеттік рәміздер”, “Жұлдызды күндер”, “ХХІ ғасыр манифесті”, “Қазақстан – 2050” және т.б. іс-шаралар өткізіліп, тарихи және қызықты фактілерге қанық болады. 2012 жылдан бастап мектепте “Жас ұлан” балалар ұйымы жұмыс істейді. Ұйым мүшелері мектеп, аудан және облыс деңгейінде белсенді жұмыстар атқарып, әртүрлі шараларға қатысып, үлкендерге көмектеседі, үйірмелер мен секцияларға оқушыларды тартып, оқу үдерісіне көмек береді. 5-11-сынып оқушылары арасында “Адал ұрпақ” атты еріктілер клубы құрылды. “Парасатты азамат” атты бұрыш жаңа мүшелермен жаңартылып тұрады. Әр сенбі сайын “ЭКСПО – 2017”, “Саламатты өмір салты”, “Біздің жердің батырлары”, “Техника қауіпсіздігі”, “Универсиада”, “Астана” және т.б. тақырыптарда сынып сағаттары өткізіледі. 2017 жылы “Мен патриотпын” атты республикалық жобалар байқауында біздің мектептің оқушылары бірінші орын алып, республикалық патриоттар форумына шақырылды және Қазақстанның жас патриоттар академиясына қабылданды. Қазіргі уақытта біздің мектепте академияның 6 мүшесі білім алады. Мектепте өткізілетін барлық шаралар патриоттық тәрбие алуда маңызды рөл атқарады және оқушының үйлесімді дамуына ықпал жасайды.

Жаңа оқу жылында барлық орта білім беру ұйымдарында жоспарланған “Мәңгілік Ел” патриоттық бастамасы шеңберінде бірыңғай “Мен – өз елімнің патриотымын” және Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласын насихаттау, жас ұрпақ бойына рухани адамгершілік құндылықтарды сіңіру мақсатындағы сабақ өткізіледі. Бұл сабақтардың мазмұнында барлық қазақстандықтардың өткен тарихының ортақтығын ұғынуға, олардың тұрақты, мықты және табысты мемлекет құруына үлес қосу, азаматтық үйлесімділікті, ұлтаралық татулықты қалыптастыруына ерекше көңіл бөлінеді. Осы сабақ арқылы әрбір оқушының өз Отанының болашағы үшін жауапкершілігі артады. Ұстаздар қауымының осы ізгі мақсаттарға жету жолында бар күш-жігерін салып, ортақ іске жұмыла кірісетіндіктеріне кәміл сенімдімін. “Бұлақ көрсең, көзін аш” деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Дарынды да, қабілетті оқушыларды білімге баулып, егемендігімізді нығайтуға үлес қосамыз.

“Ұстаз – адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол алдымен өзін тәрбиелеуі, ізденуі және ұстаз атына лайықты әрекеттенуі қажет” деген қағиданы ұстанатын біздің ұжымның ұстаздары өз білімдерін біліктіліктерімен ұштастыра білуінің арқасында облысымыздың “Үздік білім беру ұйымы” деп танылды.

Ирина ПОПОВА,

Сәбит Мұқанов атындағы Тимирязев мектеп-гимназиясының директоры.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау