Солтүстік Қазақстан газеті

Қырдағы қарбалас сәт

Печать PDF

Өңірімізде орақ науқаны қарқын алып келеді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының соңғы дерегі бойынша, егістік алқаптардың 57,2 пайызы, яғни 1 млн. 695 мың гектардың дәнді дақылы орылып, оның 1 млн. 249,2 мың гектары бастырылған. Қамбаға 1 млн. 873 мың тонна астық жеткізілді. Жаңа астықтың әр гектарға шаққандағы орташа түсімі 15 центнерді құрауда.

argaiv1208

 

Бүгінге дейін майлы дақылдардың 337,9 мың гектары орылды. Бұл жалпы аумақтың 47,3 пайызы. Ал 201 мың гектардың дәні бастырылып, 180,6 мың тоннадан астам өнім жиналды. Майлы дақылдардың әр гектарынан 9 центнерден өнім алынуда.

– Шаруашылықтарда техника күші мен жанар-жағармай жеткілікті. Күзгі орақ науқанына сегіз мыңнан астам комбайн қатысуда. Оның үш мыңы – жоғары өнімді заманауи техникалар. Үкімет күзгі дала жұмыстарын уақтылы аяқтау үшін 75 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлді, бұл мәселе толықтай шешілген. Астық қабылдайтын элеваторлар мен қоймаларда кідіріс жоқ. Жауапты науқанды 25 қыркүйекке дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қуандық Шақұбаев.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау