Солтүстік Қазақстан газеті

Кәсібімді ашып, ырысымды еселедім

Печать PDF

Қазіргі таңда өз бизнесін ашып, оның жемісін көремін деген кәсіпкерге мемлекет тарапынан көптеген жеңілдіктер мен қолдаулар бар. Әсіресе, ауылдағылардың әлеуетін жақсартуға бірқатар жағдай жасалуда. Мен сол мемлекеттік қолдаудың шарапатын көрген тұрғындардың бірімін.

argaiv1977

“Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту” бағдарламасы жайлы естігеннен кейін аудандық жұмыспен қамту орталығына барып, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” акционерлік қоғамы арқылы жеңілдетілген несие алуға мүмкіндіктер бар екендігін білдік. Аз уақыттың ішінде 1 млн. теңгеге несиемді рәсімдеп, ірі қара мал алуға құжат дайындадық. Мұның өзі шағын кәсіпкерлікке берілген үлкен көмек деп білеміз. Алған қаржыға сатып алған малды қорамдағы барыма қосып, өрісімді кеңейтіп, ырысымды еселедім. Себебі, отбасын айрандай ұйытып отырған зайыбым Рағила Әзқызы күнделікті сауылған сүтті ауылға жақын маңдағы “Ростан” ЖШС-нің май зауытына өткізеді. Оған қоса, ол аудандық жұмыспен қамту орталығының көмегімен “Зенченко және К” коммандиттік серіктестігіне егістік есепшісі болып жұмысқа орналасты.

Мемлекеттің қолдауының арқасында тұрмыстық жағдайымыз жақсарып, жаңа баспана да салып алдық. Бүгін кең сарайдай боз үйімде түрлі салада еңбек етіп жүрген ұл-қызымың тілегін тілеп, немерелерімнің қызығына бөленіп отырмын. Азаматтарының жайлы өмір сүруіне осындай жағдай жасап отырған еліміздің тыныштығы тұғырлы, бейбітшілігі баянды болғай!

Ербол ОРАЗАЛИН,

жеке кәсіпкер.

Аққайың ауданы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау