Солтүстік Қазақстан газеті

Мерекелік сыйлық

Печать PDF

“Қызылжар” орталық мешітіндегі намаз оқып, мінәжат ететін орынға жаңа кілемдер төселді. Халықты рухани бірлікке үндейтін қасиетті орындағы кілем Құрбан айт мерекесі қарсаңында ауыстырылып отыр.

argaiv1208

– Жаңа бұйымдар Түркия мемлекетінен арнайы тапсырыспен әкелінген. Мерекелік сыйлық мешіттің ажарын ашып, оған ерекше өң берді, – дейді Алла үйінің наиб имамы Қасымхан Абдуллаұлы.

Игі шараның жүзеге асуына қайырымды жандар, мешіт жамағаты және дінге жанашыр азаматтар атсалысты.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау