Солтүстік Қазақстан газеті

Қуантсаң, баланы қуант!

Печать PDF

Жергілікті полиция қызметкерлері республикалық “Мектепке жол” акциясы аясында бірнеше аз қамтылған отбасында болып, балаларға мектепке қажетті оқу-құралдарын сыйлады.

argaiv1962

– Бұл акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмек көрсету. Қыркүйектің 30-ына дейін жалғасатын шара “Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!” ұранымен өтеді, – дейді облыстық ішкі істер департаментінің қызметкері, полиция подполковнигі Арыстан Сұлтанғазиев.

Петропавл қаласында көмекке зәру мектеп жасындағы 37 баланы полицейлер қамқорлыққа алған. Каникулдың соңына дейін қызметкерлер оларды мектепке дайындауға көмектеседі.

Сонымен қатар полицейлер түнгі мезгілде ойын-сауық мекемелерінде, қала көшелерінде қараусыз, қаңғыбастық өмір кешіп жүрген кәмелеттік жасқа толмаған балаларды анықтау мақсатында рейд жүргізді.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары балалардың тәрбиесіне салғырттық танытқан 100 фактіні анықтап, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау