Солтүстік Қазақстан газеті

АУЫЗСУСЫЗ ОТЫРҒАН АУЫЛ

Печать PDF

Редакциямызға Шал ақын ауданындағы Жаңасу ауылының тұрғыны Жаңбырбай Қарабаев деген ағайынымыз телефон шалып, ауылының бүгінгі тірлігіне қынжылыс білдірді. Кезінде кеңшар орталығы болып дүрілдеп тұрған ауылда 40-ақ үй қалыпты. Олардың біразы туған топырағын тастап ешқайда кеткілері келмейтін кәрі-құртаңдар болса, қалғандары – орта жастағылар. Ауылда жастар да бар. Алайда, жұмыс жоқ. Бала саны жетіспейтіндіктен, кешегі негізгі мектеп бастауышқа айналған. Оған баратын балалар саны он шақты ғана.

argaiv1977

Айтқандай, фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді. Үш шаруа қожалығының жұмысы да көңіл көншітпейді. Өз күндерін өздері көре алмай жатқан ондай шаруашылықтар қанша тырысса да, ауылына жақсылап қолғабыс ете алмайды.

Жаңасулықтарды жол мәселесі де қинап тұрған көрінеді. Олар үшін аудан орталығы – Сергеевкаға барып-келу бір қиямет екен. “Ауыл мен Кривощекованың арасындағы жолдың астан-кестені шығып жатыр. Барған жеріңнен кейін қайтып оралу қиын. Ауыл тұрғындарына ең қатты батып тұрғаны – ауызсу мәселесі. Оның ауыртпалығы мұндағыларды әбден қажытып болды. Кезінде ауылдан бір шақырым жерде тереңнен су тартатын сорғыш орнатылған. Оның ғұмыры ұзаққа бармады”, – дейді ауыл тұрғыны. Сорғыш істен шыққалы біраз уақыт өткен екен. Оған қарап жатқан ешкім жоқ. Мұндайда ештеңе істегісі келмейтін адамға, сылтау табылады. Ауылда құдық қазуға келмейтіні сол, су өте тұзды. Ішуге пайдалану түгіл, кір жууға жарамайды. Сондықтан бүгінгі күні ауыл тұрғындары ауыз-суды кейде 14 шақырым жердегі Новопокровкадан тасуға мәжбүр.

Ауыл тұрғындары атынан жанайқайын білдіріп жатқан Жаңбырбай Қажымұратұлы Оңтүстік Қазақстаннан өздеріне қоныс аударған үш отбасының жағдайына да алаңдаулы. Олар жұмыспен қамтылыпты. Бір отбасындағы үш ағайынды жігіт бүгінде сүт жинап, оны аудан орталығына өткізумен айналысады. Ауызсудың жоқтығына олар да ренішті. “Жағдай бұлай жалғаса берсе, олар басқа жерге қоныс аудармасына кім кепіл?!” – дейді ол.

Қошан ҚАЛИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Комментарии   

 
0 #1 Ахметжан 20.09.2017 14:30
Біздің өңірімізде Жаңасу секілді ауыз суға зәру, жолы сын көтермейтін ауылдар аз емес. Жазда жаңбырдан, қыста бораннан жол жабылып, бейнет көретін ауылдарда кім тұрғысы келеді. Сондықтан да мүмкіндігі барлар аудан орталығына, қалаға көшіп кетеді Билік басындағылар жағдай жасаса,тұрғында р жылы орнын суытып, қалаға келіп несіне қаңғырады. Өрісі малға, қырманы астыққа толып, дәулеті тасып отырмас па еді?!
Қазір ауылдар ешкімге керек емес, қаңырап қалған үйлерді, сыйқы кеткен ауылдарды көргенде жүрегің сыздайды.
Цитировать
 

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау