Солтүстік Қазақстан газеті

Таңғажайып құстар

Печать PDF

Петропавл қаласындағы “Семейный” гипермаркетіндегі “Киндерлэнд” балалар ойын-сауық орталығында экзотикалық жануарлар мен құстар көрмесі өтіп жатыр. Ол жерге аяқ басқан адам құдды экзотикалық мекенге тап болғандай күй кешеді. Көпшілік назарына ұсынылған аң-құстар арасында тукан, какаду сынды Қызыл кітапқа енген құстар мен Боня есімді ақ қолды гиббон бар. Көрмеге келушілер олармен суретке түсіп қоймай, тәттілермен де қоректендіре алады.

argaiv1962

Көрмедегі құстардың ішіндегі ең сабырлысы – тукан. Оңтүстік Американы мекендейтін ол 40-45 жылға дейін өмір сүреді. Өзге құстардан айырмашылығы – үлкен тұмсығында. Алайда, бұл оған еш бөгет болмайды, ол осы тұмсығының көмегімен түрлі жеміс-жидектермен қоректенеді.

Көрмеде он бес шақты тропикалық құстар мен жануарлар бар.

– Барлығы еліміздегі әртүрлі зообақтардан сатылып алынған. Игорь Холодора деген азамат алдымен бірнеше құс асырап, кейін көбейте түскен. Елді аралап жүргенімізге 6 жыл болды. Жұмысымыз қызықты. Жануарлар көбіне жеміспен қоректенеді. Тукандар тек банан жейді. Өзге құстар алма, жаңғақ жесе, жануарларға балалар ботқасын береміз, – дейді көшпелі зоопарк қызметкері Алина Ирёмина.

“Тірі кемпірқосақ” көрмесі қыркүйек айының ортасына дейін жалғасады.

Айгүл ХАМЗИНА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау