Солтүстік Қазақстан газеті

Елордаға аттанады

Печать PDF

Астана қаласында өтіп жатқан “ЭКСПО” көрмесіне облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ұлттық қолөнер бұйымдарын апарып, салт-дәстүрді паш етеді. Астау, қамшы, найза, бесік, қалқан, тағы басқа ағаштан жасалған дүниелердің барлығы көздің жауын алады. Ою-өрнекпен көмкеріліп, әсем безендірілген бұйымдарды өңірімізге белгілі қолөнер шеберлері жасаған.

argaiv1977

Ағаштан түйін түйген Болатбек Қалдыров көрмеге келушілердің назарына елуден астам қолөнер бұйымдарын ұсынады. Айта кету керек, ауқымды шараға өңірімізден төрт жүз адам қатысса, олардың ішінде он бір қолөнер шебері бар.

– Көрмеге өз ісінің шебері атанған адамдардың заттары қойылады. Олар керамика, темірден жасалған бұйымдар, – дейді облыстық мұражай қорының меңгерушісі Жібек Жүзенова.

Жалпы, Астана жұртшылығының назарына қолөнер заттарынан бөлек, мұражай қорындағы тоқсаннан астам жәдігер ұсынылады.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау