Солтүстік Қазақстан газеті

БАСТЫ МІНДЕТ — МАСЫЛДЫҚТЫ ЖОЮ

Печать PDF

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыстық органдары Мемлекет басшысының “Бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы” Ұлт жоспарында баяндалған тапсырмасын іске асыру үшін әлеуметтік көмектің атаулы сипатын күшейтудің және оны оңтайландырудың жаңа әдістерін қарастыруда.

argaiv1962

2015 жылғы 1 шілдеде еңбекке ынталандыруды арттыруға және аз қамтамасыз етілген отбасыларына қиын кезеңде қолдау көрсетуге арналған жаңа жоба қолға алынған болатын. Халықтың әл-ауқатын арттыруға жағдай жасауға арналған шартты ақшалай көмек көрсету үшін облысымызда “Өрлеу” жобасы іске асырылуда.

Бұл жобаның міндеті аз қамтамасыз етілген отбасылардың тек қана жәрдемақы алып қоймай, қаржылай көмектің арқасында оларға еңбек етуге мүмкіндік беріп, масылдық ниетті төмендетуге жағдай жасау болып табылады. Осы орайда облыс аумағында қолданыстағы бағдарламалар аясында жұмысқа орналастыру, оқыту және қайта оқыту, отбасының өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту негізгі бағыттардың бірі болып саналады. Сонымен қатар қосалқы шаруашылықты дамыту мүмкіндіктеріне кеңейтілген қолжетімділік беру арқылы алушылардың еңбек әлеуетін іске асыру қаралған.

“Өрлеу” жобасының шарты бойынша оған қатысу үшін отбасының жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінің алпыс пайызынан кем болмауы керек.

Тұрмысы төмен отбасыларға берілетін шартты ақшалай төлемдер әлеуметтік қызметтер түрінде көрсетіледі. Жобаға қатысқан отбасы осындай қадам арқылы тұрмысы төмендер қатарынан шыға алады.

Көрсетілетін көмектің біржолғы төленетін сомасы тек қана отбасының белсенділігін арттыру келісімшартының аясындағы іс-шараларға жұмсалуы керек. Оның ішінде жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға (құс, мал сатып алуға және басқалар), жеке кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға арналған. Айта кету керек, шартты ақшалай көмекпен бұрын алынған қарыздар мен несиені төлеуге, жылжымайтын мүлік сатып алуға тыйым салынады.

Әлжуаз топтардың әл-ауқатын көтеруге, оларға қолдау беруге бағытталған жоба қолданыста болған кезеңде 597 әлеуметтік шарт жасалды. Есесіне, 2623 адам қатысушы болып, кедейлік жағдайдан шықты. Оның ішінде 2017 жылы 340 отбасымен (1520 адам) келісімшартқа қол қойылса, 364 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.

Қазіргі кезде 316 азамат тұрақты жұмыс орнында жұмыс істейді. Биылғы жылы жобаға қатысушылардың жан басына шаққандағы табысы 3,7 есе артты. Отыз бір отбасы біржолғы төлем алу мүмкіндігін пайдаланды. “Өрлеумен” өрге басуға ниет білдіргендер ұсақ және ірі қара мал, шошқа сатып алды. Бір отбасы кәсіпкерлік қызметін ұйымдастырды.

Көпбалалы отбасылар да назарға алынып, оларға қолдау көрсетілуде. Осы орайда 2017 жылы алпыс екі көпбалалы отбасы аталмыш жобаға қатысып, оның игілігін көрді.

Кедейшілік деңгейін жоюдың бір жолы болып табылатын “Өрлеу” жобасы әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар тобының өмір сүру деңгейін жақсартуды мақсат етеді. Бұл – мемлекеттік саясат. Олай болса, өмірін жақсартамын деген отбасылардың мүмкіндікті мүлт жібермей, оған қатысқаны абзал.

Марина МАРКОВА,

облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау