Солтүстік Қазақстан газеті

ЖАС ҒАЛЫМДАР ФОРУМЫ

Печать PDF

Астанада басталған “Burabay Forum: Қазақстан және Ресей шекаралық ынтымақтастығы” атты халықаралық форумы Щучье-Бурабай курорттық аумағында жалғасты. Форумда қазақстандық ғалымдар өз әзірлемелеріне коммерцияландыруды енгізу туралы идеяны жария етті. Ғалымдар аталған бастамалар бойынша ресейлік әріптестермен бірлесіп іске асырылған коммерциялық жобалар саласында тәжірибе алмасты және қолданбалы зерттеулерге инвестициялар тарту бойынша ұсыныстар жасады. Сарапшылардың пікірі бойынша, ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру экономикалық өрлеуге және Қазақстанның ғылымы мен техникасының дамуына оң әсерін тигізеді.

argaiv1428

Қатысушылар Қазақстанның туристік кластерін дамытудағы ғылыми әдістерін ұсынды. Жас ғалымдар аталған салаға инвестиция тартуға қатысты пікір алмасты. Шетелдік туристер үшін Қазақстанның курорттық орындарының флорасы мен фаунасын зерттеу бойынша жаңа бағдар құру туралы ұсыныс жасалды. Бұл ретте, сарапшылардың пікірі бойынша туризмнің аталған түрі әртүрлі елдердің клиенттері тарапынан зор табыс әкелуі мүмкін.

Форумға қатысқан Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Новосибирск, Екатеринбург, Магнитогорск қалаларының ғалымдары екі ел арасындағы трансшекаралық ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды. Қатысушылар ғылыми қауымдастықтар ұрпақтарының сабақтастығын жалғастыру үшін бірлескен ғылыми мектептер мен ұжымдар құру қажеттігі туралы пікір айтты.

– Жаңғырту жағдайында ірі тақырыптарға әртүрлі мамандарды қатыстыру қажет, оларды бір елден табу мүмкін емес, – деді Ресей Ғылым академиясы жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Леонид Котельников. – Зерттеулер үшін көптеген ғалымдарды, инженерлерді, ғылыми мектептердің аға буыны өкілдерін қатыстыру қажет. Алдымызда тұрған маңызды міндеттердің бірі – заманауи ғылыми қауымдастық арасындағы байланыс механизмін әзірлеу. Зерттеулердегі білім мен тәжірибе сабақтастығы, сондай-ақ, байланыстарды жалғастыру жас ғылыми буынға алға қадам жасауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры ұсынған алаңның арқасында біз ғылыми-зерттеулерді жүргізу бойынша ақпарат алмасуға және зияткерлік күш-қуатымызды біріктіруге, өндірістік мәселелерді шешуге мүмкіндік аламыз.

Одан кейін Қазақстанның жас ғалымдары екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруға ықпал ететін ресейлік және қазақстандық орасан зор электрондық коммерция интернеті арасында бірыңғай онлайн алаңын құру идеясын ұсынды. Бұдан басқа, ол екі ел арасындағы тұтынушыларға өнімдерді жалға беру және сауда алаңдарының сервисі үшін шығын шығармай, өз бағасымен сатып алуға мүмкіндік береді. Сарапшылар платформа тауар айналымын 75 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізе алады деген пікір айтты.

– Біз бір жерде орналасқан көптеген ресейлік және қазақстандық интернет-дүкендері негізінде бірыңғай интернет-алаңын құрғымыз келеді. Ол арқылы ресейлік, сондай-ақ, қазақстандық өндірушілер өз өнімдерін бір жерде сата алады, – деді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Махмут Томанов.

Форум аяқталған соң тараптар бірлескен Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесін құру туралы уағдаластыққа қол жеткізді, ол өз кезегінде шекаралас елдердің басшыларына өзекті экономикалық, саяси проблемларды және қоғамның мәселелерін шешу жолын іздестіруді қамтамасыз етеді.

Форум жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі, онда жас ғалымдар бірлесіп жаңа және перспективалы жобалар саласындағы мемлекеттік секторға арналған ұсыныстар әзірлейді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры бірқатар облыстардың әкімдіктерімен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, оның нәтижесінде осындай кең ауқымды іс-шара өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының баспасөз қызметі.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау