Солтүстік Қазақстан газеті

ТҰЛҒАҒА ТАҒЗЫМ

Печать PDF

Өңірімізде жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров пен Парламент Сенатының депутаты Ерік Сұлтанов көрнекті мемлекет қайраткері Бәйкен Әшімовтің ескерткіш-мүсініне барып, гүл шоқтарын қойды.

argaiv1582

Адал қызметі мен халықтың құрметіне бөленген айтулы тұлғаның рухына тағзым еткен сенаторлар осы күні әлеуметтік-экономикалық маңызы зор нысандардың жұмысымен танысты.

“Қазақстан темір жолы” акционерлік қоғамының тапсырысы бойынша жүк вагондарын құрастыратын “ЗИКСТО” зауыты сапалы өнімдерімен ел нарығын толығымен қамтамасыз етіп отыр.

– Алдағы уақытта Парламент тыңдалымында осы зауыттың өндіріс қуаттылығын бірнеше есеге арттыру жөнінде ұсыныс қаралады. 2014 жылы “ЗИКСТО” зауытының жылдық айналымы 1 млрд. теңге болатын. Биыл ол көрсеткіш 15 миллиард теңгеге дейін жетеді. Демек, 1,5 мың пайызға өсім болады, – деді сенатор Ерік Сұлтанов.

Қазірдің өзінде “ЗИКСТО” АҚ-ның өнімдеріне сұраныс алты есеге артқан. Осыған байланысты кәсіпорындағы ең маңызды цехты жаңғырту жұмыстары қолға алыныпты. Зауыттың бас инженері Олег Чудопалдың айтуынша, жаңғырту жұмыстарынан кейін жыл сайын екі мың жүк вагоны құрастырылатын болады.

Сенаторлар облыстық ішкі істер департаментінің ұжымымен кездесті. Онда тәртіп сақшыларының беделін көтеру жөнінде әңгіме өрбіді.

Берік ҚАСЕН.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау