Солтүстік Қазақстан газеті

Айдар — чемпион!

Печать PDF

Тайланд елінің Тайпей қаласында өтіп жатқан 29-шы Бүкіләлемдік жазғы Универсиадада қазақстандық спортшылар қоржынға әзірге бес медаль салды. Үш қола, екі алтын медальмен Қазақстан жарыс кестесінде оныншы орында тұр. Бұған дейін қола медальды жүзуден Дмитрий Баландин мен ауыр атлетші Арли Чонтей иеленген. Ал зілтемірші Альберт Линдер мен Айдар Қазов алтыннан алқа тақты.

argaiv1208

Ауыр атлетикадан алтын медальды қоржынға түсірген жерлесіміз Айдар Қазовтың бұл бірінші жеңісі емес. Бұған дейін де ол талай биік шыңдардан көрініп, ел намысын қорғап келеді. Айдар бапкері Ерік Әлібаевтың да үмітін ақтауда.

Алдағы күндері тағы бір солтүстікқазақстандық спортшы әлемдік доданың жарыс алаңына шығады. Желаяқ Михаил Литвин жеңіске жетер деп үміттенеміз.

Универсиада 19 тамыз күні басталған болатын. Спорт сайыстары 30 тамызда аяқталады. Оған Қазақстаннан 21 спорт түрі бойынша 121 спортшы қатысуда.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау