Солтүстік Қазақстан газеті

БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

Печать PDF

Өңірімізде жол-патрульдік полицейлері алып жүретін бейне-тіркеу құралдарының жұмысына бақылау күшейді. Себебі, облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов бейнетіркеуіш құралдардың жұмысын тексеріп, оның тиісті түрде пайдаланылмауына қатысты бірқатар кемшіліктерді анықтады. Кінәлі қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

argaiv1208

Бүгінгі таңда өңірімізде жол-патрульдік полицияның барлық жасақтары бейнежетондармен жарақтандырылған. Бұл құрылғы қызметкерлердің қызмет өткеру барысын, жүргізушілер мен жүргіншілердің және тәртіп сақшыларының іс-қимылдарын тіркеуге мүмкіндік береді. Әрі жемқорлықтың алдын алып, қызметкерлер мен жол қозғалысы қатысушылары арасында тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Жазылған материалдар сотта істі қараған кезде не болмаса басқа да жағдайларда қажет болуы мүмкін. Мәселен, осы айда сотта қаралған 15 іс бойынша бейне-жетондағы жазба ұсынылған.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы.

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау