Солтүстік Қазақстан газеті

Жүргізушілер жарысы

Печать PDF

Жуырда өрт сөндіру бөлімдері жүргізушілерінің кез келген жағдайға дайындығын, кәсіби біліктілігін тексеру мақсатында сайыс өтті. Оның барысында жүргізушілердің шапшаңдығы мен шеберлігі де сынға түсті.

argaiv1900

– Төтенше жағдай орын алғанда өрт сөндіру машинасының жүргізушісі шеберлік танытуға тиіс. Ол жолда апаттық жағдайларды тудырмай, діттеген жерге құтқарушыларды тез жеткізуі қажет, – дейді аталмыш департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіру техникасы және жабдықтары бөлімшесінің бастығы Виктор Докучаев.

Облыстық деңгейде ұйымдастырылған байқауға төрт бөлімнің жүргізушілері қатысты. Жарыстың бұған дейінгі кезеңінде жеңіске жеткен мамандар талап бойынша он кедергіні еңсерді. Қатысушылардың өздерінің айтуларынша, бұл жарысқа арнайы дайындықтың қажеті жоқ. Себебі, төтенше жағдаймен бетпе-бет келу, отты ауыздықтап, адам өміріне араша түсу – олардың күнделікті жұмысы.

Жүргізушілер жарысында мамандар бөгеттерге толы жолмен қозғалып, өрт сөндіруге арналған жабдықтармен жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

 

Пікір білдіру


Защитный код
Жаңалау